26.04.2024

Тұңғыш Президент музейінде балалардың туындылары қойылады

1f35ab417dc709b18986aecd40c8190b30 мамыр күні Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде «Сүйемін сені, Астана» балалар шығармашылығының фестивалі және «Мен осы жерде өмір сүремін» атты халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты плакаттар көрмесінің ашылу рәсімі өтеді,-деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президентінің музейі және Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы, Ресей мәдениет қорының Новосібір филиалы, Новосібір мәдениет қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
«Сүйемін сені, туған өлкем!» көрмесінде 2004 жылдан 2013 жылдар аралығында Ресейдің Новосібір қаласында өткізілген жыл сайынғы қалалық байқаудың ең үздік 100 жұмысы ұсынылады. Көрменің ерекшелігі – жер бетіндегі барша халық үшін жарқын болашақты жаратуға мүмкіндік беретін барлық күштер бірігуінің халықаралық символы бейбітшілік және мәдениет туы астында өтуінде. Ту – мемлекет саясатында мәдениет, руханилық және адамгершілікке ерекше мән берілетінін айғақтайды. Қазіргі таңда өмірінің барлық салаларында адамгершілік құндылықтарды басты ұстаным деп санайтын ойы озық, өз отанына адал еңбек етіп, игі істерді атқаруды көздейтін азаматты тәрбиелеуге бағытталған ағартушылық қызметке жеткілікті назар аударылмайды. Жеке басының қамы екінші орынға кетіп, ал жақыныңа деген сүйіспеншілік пен риясыз еңбек алдыңғы қатарға қойылса, көптеген әлеуметтік мәселелер деркезінде өз шешімін табар еді» делінген хабарламада.
Плакаттар авторлары өз жұмыстарында өмірімізді одан әрі жандандыра түсуді бейнелей отырып, өз көзқарастарын білдіреді. Дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілетін «Сүйемін сені, Астана» фестивалі кезекті рет қатысушылар мен келушілерді қызықты шығармашылық үдеріспен қуантып, соңында фестивальге қатысушылардың ең үздік жұмыстарының авторларын марапаттау рәсімі өтеді.

http://baq.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА