17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр.
БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы елімізде 2025 жылдың соңына дейін 1 мың мектеп салу туралы тапсырма берген болатын.

Осы бағытта облыста тиісті жұмыстар атқарылады. Мысалы, 2022 жылы өңірде жаңадан 21 мектеп салынбақшы, биылдан ауысатын 4 ғимарат және бар, барлығы 25 нысанды іске қосу жоспарлануда. Бұлардың 16-сы – ауылдарда бой көтеретін модульді, аз комплектілі білім ордалары. Ал 9 мақсатты мектептің үшеуі қалада, алтауы аудандарда тұрғызылмақшы. Сондай-ақ 2023 жылы 24 мектептің құрылысы басталмақшы. Мұның 19-і – модульді мектептер.

«Білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2021 жылы 1991 жылмен салыстырғанда, 92,7 млрд теңгеге ұлғайып, 117,7 млрд теңгеге жетті. Тәуелсіздік жылдарында облыста 70 мектеп, 20 балабақша, 7 қосымша білім мекемесі салынды. Биылғы оқу жылында 376 мектепте 114 мың оқушы білім алуда. Соның ішінде 737 шәкірті бар 5 жекеменшік мектеп бар. Тәуелсіздік жылдары өңірде инновациялық мектептер желісі құрылды. Атап айтқанда, «Назарбаев зияткерлік мектебі», дарынды балаларға арналған мамандандырылған 4 мектеп, «Білім-инновация» лицейі, 22 гимназия, лицейлер, сондай-ақ «Дарын» қосымша білім орталығы жұмыс жасауда. Облыста мектепке дейінгі 521 ұйымда 32 мыңнан астам балдырған тәрбиеленуде», — деді А.Мыңбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тәуелсіздік жылдары 18 жаңа шағынаудан бой көтергенін жазған болатынбыз.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...