11.10.2024

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Тәуелсіздік жылдары қала экономикасы 1993 жылғы 2,1 млрд теңгеден 2020 жылы 13,5 трлн теңгеден дейін өсті. Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауда белсенді рөл атқаруда. Нәтижесінде Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 94,6 есе және ШОБ нысандарында жұмыс істейтіндер саны 9,3 есе артты. Халық саны 1,8 есе өсіп, қазір мегаполисте екі миллионнан астам халық тұрады», – деді қала басшысы.

Оның мәліметі бойынша, 30 жылдың ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының саны 1,5 есе ұлғайған.

«Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті. Тәуелсіздік жылдарында білім алуға қолжетімділік айтарлықтай өсті. Мемлекет 61 балабақша, 45 мектеп салды. Бизнес 450-ден астам балабақша мен 84 мектепті іске қосты. Тұрғы үй құрылысының көлемі 7,5 есе ұлғайып, 26,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», – деді әкім.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА