-23 C
Нур-Султан
09.12.2021

Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен Республикалық кеңесте сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы пәрменді шаралар қолдану және пара алу жағдайларын азайту туралы айтты.

Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер институтын енгізу – осындай шаралардың бірі ретінде жемқорлық тәуекелдерін анықтауға, мүдделер қақтығысын шешуге және жемқорлыққа қарсы стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.Сондай-ақ, ведомство басшысы жоғары оқу орындарының комплаенс қызметтерінің ресми жұмысын сынға алды.

Оның айтуынша, еліміздің 68 жоғары оқу орнында мұндай қызметтер құрылмаған.

Комплаенс-қызметтерді дамыту – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Осыған орай, Марат Ахметжанов барлық ректорларды аталған жемқорлыққа қарсы институтты құруға, стандарттарды бекітуге, сондай-ақ студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуға назар аударуға шақырды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» элективті пәні көптеген жоғары оқу орындарының пәндер тізіміне енгізілген болатын. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының пікірінше, оны міндетті пәндер тізіміне енгізген кезде ғана оқытудың нақты әсері болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ол білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіретінін тілге тиек етті.

Спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құралдар бар екенін, тек оларды пайдалана білу қажеттігін атап өтті.

«Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – оны азайту және жоюға қажетті барлық шараларды қабылдау. Жоғары оқу орындарында адал еңбекті бағалайтын, өз Отанына қамқор болатын еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу және оқыту», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты. «Тәуелсіздік...

Батыс Қазақстанда бес жылда 77 мектеп салу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында Президент тапсырмасына сәйкес бес жылда 77 мектеп салу көзделіп отыр. БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде...

Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атап айтты

Мемлекеттік аттестаттаудан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 78 пайызы өте алмады. «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2011 жылдан бастап лицензиялау жүргізілмейді. Бірақ, 2012 жылдан бастап мемлекеттік аттестаттау...

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек

Білім беру ұйымдарын аттестаттау қағаздың көбеюіне әкеп соқпауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мемлекеттік аттестаудан өтпек болған балабақшалардың 80...

Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады

2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Мұғалімдерді бейінді емес жұмыстардан, тексерулерден босату іс-шаралары...