-13 C
Нур-Султан
22.01.2022

Бауыржан Момышұлы: Тәлім-тәрбиенің мәні неде?

Адамның ауыртпалықты, мұқтаждықты және қорқынышты жеңе білу қабілетінде. Жеке мақтаныш сезімі еңбекте, тұрмыста ғана емес, ұрыста да ерлікке бастайды.

Парыз сезімі, адамгершілік – жеке басының, ұлттың, Отанның мақтанышы.

Ұлттық игі дәстүрлер. Барлық халық пен барлық ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Ұрыс жүргізуге кедергі жасайтын ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта көмектесетін ұлттық дәстүрлер бар. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ұлттық мақтаныш — жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң әрі қасиетті сезім. Кім де кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса — ол адам сөзсіз арамза, қаңғыбас. Асқақ адам тек асқақ адамды ғана құрметтей алады, оның жасық жанды құрметтей алмайтыны сөзсіз заңды. Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген. Меніңше, интернационализмнің негізі де осында. Интернационалдық мақтанышқа тәрбиелеу мен оның мәнін ұғыну біздің көп ұлтты армиямыз сияқты армияны тәрбиелеудегі басты арналардың бірі. Ұлттың ішінде керкеуде адам сол ұлт үшін де, басқалар үшін де зиянды – егістіктегі арамшөпті отап тастаған жөн. Кітапта ұлттық рух (бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның және тұтас алғанда бәрінің де бойындағы асыл ерекшелік туралы) және ұлтшылдық пен шовинизм (бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы кесел) туралы ұғымдар дұрыс түсіндірілуі тиіс.

Ұрыстағы ең қаһарлы қару – солдаттың жан дүниесі. Бұл қаруға қажетті оқ-дәріні рухани азық деп атайды. Адамның жан дүниесі де әртүрлі дүйелі және әртүрлі калибрлі болып келеді. Жанға азық беру дегеніміз бұл жалпы алғанда емес, жүйеге сәйкес, калибрге сәйкес оқ-дәрі жеткізу деген сөз. Сонда ғана басты мақсатқа – жақсы асыл қасиеттерге: ар-ожданға, абыройға, парасатқа, саналы әрекетке қозғау салуға қол жетпек. Өшпенділікке шынайы мысалдар арқылы тәрбиелеу керек. Солдат жасаған ерлік боямасыз, әсірелеусіз шынайы суреттелуі тиіс.

Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал. Өтірік – ақырында, тіпті нағыз шындыққа сәйкес келетін ресми материалдарға да сенімсіздік тудыратын ең зиянды у. Өтірік, шынайы емес, әсірелеп жазылған мақалалардың беретін пайдасынан зияны көп. Біздің тілшілердің арасында мұндай желауыздар жеткілікті.

Б.Момышұлының Совет Одағы
жазушыларының кешінде сөйлеген сөзі

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласы жұмысына қатысты сын айтті

«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік...

«Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік мектептері эндаумент қорларының қызметі жайлы» – А.Сәрінжіповпен сұхбат

Баспасөзде Назарбаев Қорының коммерциялық активтері туралы материалдардың пайда болуына байланысты қалың жұртшылықта сұрақтар туындауы мүмкін, оларға жауап алу үшін біз Қордың қазіргі төрағасы, ҚР...

Математикалық айтыс = дәлелсіз сөз сапыру емес

19 қаңтар күні Abai.kz ақпараттық порталында ардагер ұстаз Ордалы Қосай мырзаның академик Асқар Жұмаділдаевқа жазған «Математик – математикке!» атты үшбу хаты KAZBILIM сайтымызда жарияланған еді. Бүгін ...

Жоғары білімге мән беру керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында Қазақстан­да дамудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Да­мудың жаңа кезеңі ел экономикасы мен әлеуе­тін көтеруден басталатыны заңды ғой....

Екібастұздық мұғалім оқушылардың ынтасын ояту үшін түрлі ойын технологияларын қолданады

Екібастұздық мұғалім Дария Дошимова оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін түрлі ойын технологияларын қолданады. Дария Дошимова Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №35 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік...