24.07.2024

Сенатор ауылдық талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсуді жеңілдетуді ұсынды

Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында ауыл жастарының жоғары білімге қол жеткізу проблемасын айтты.

Депутат ауылдағы білім деңгейі көбінесе қалалық деңгейден артта қалатынын атап өтті. Ауылдық жерлерде педагогтердің тапшылығы 2100-ден астам адамды құрайды, бұл республиканың педагог кадрларға деген зәруліктің 60%-ға жуығы болып отыр. Соның нәтижесінде көптеген ауыл балалары грант алу үшін ҰБТ-да қажетті балл жинай алмайды, ал олардың көпшілігінде ақылы оқуға мүмкіндік жоқ.

Сенатор аграрлық мамандықтарға түсу үшін ауылдық квотаны 30%-дан 50%-ға дейін көтеруді ұсынып отыр. Депутат жыл сайын жоғары оқу орындары түлектерінің тек 30%-ы ғана ауылға жұмысқа келетіні, соның салдарынан ел бюджеті жыл сайын 1,5 млрд теңгеге дейін қаржы жоғалтатыны туралы деректі келтірді.

«Көптеген жылдар бойы Парламент депутаттары Білім және ғылым министрлігінің алдында ауыл мектептерінің түлектеріне аграрлық мамандықтарға түсу үшін ауылдық квотаны 30%-дан кем дегенде 50%-ға дейін арттыру қажеттілігі туралы мәселені көтеріп келеді. Бірақ мәселе табанды түрде шешілмей отыр. Аграрлық университеттерді бітірушілердің, ауылдық жерлерге жыл сайын тек 30%-ы ғана жұмысқа орналасады, қалғандары мемлекеттік қаражат есебінен оқып, жұмыссыздар қатарын толықтыра отырып, қалаларда қалады», деп мәлімдеді сенатор Ақылбек Күрішбаев.

Сенатор елімізде білім беру гранттарын бөлу тетігіне өзгерістер енгізетін кез келді деп санайды. Ол мемлекеттік грант пен стипендияны тест нәтижесі мен үлгерімі негізінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің қолдауынсыз оқи алмайтындарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бөлу қажеттігін де атап өтті.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА