26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Ауыл мұғалімі анимациялық мультфильмдер жасайды

Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектептің мұғалімі Айгерім Муфтуллаева түрлі анимация жасап жүр. Оның бұл салаға деген қызығушылығы мұғалім болған алғашқы күннен-ақ басталған. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Негізі бұл идеяны тастаған оқушыларым болды. Ғылыми жобаға оқушы дайындап жүргенімде «Апай, неге мультфильм шығармаймыз?» деген сауал қойды. Содан ізденіп, бастадым. Нәтижесінде бірнеше анимациялық ролик пайда болды. Қазір мен дайындаған анимациялық роликтер мектебіміздің оқушылары мен ата-аналарына таратылады», — деді Айгерім Муфтуллаева.

Жас мұғалімнің ең алғаш жасаған анимациясы – ата-аналар мен мектеп оқушыларына арналған нұсқаулық. Көп ақпаратты қабылдау үшін анимация тәсілін тиімді санаған мұғалім бұл идеяны ата-аналар жақсы қабылдағанын айтады.

«Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, анимация арқылы өз пәніме интеграция жасаудың әдістерін қарастырдым. Бірден ертегілерді мультфильге айналдыруды қолға алдым. Қазір оқушылармен ғылыми жобаларға дайындалып жүрміз. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының анимациялық версиясын шығаруды қолға алдым. Бастамам оң нәтижесін берсе, бұл жобаларымды кең көлемде дамыту ойымда бар», — дейді Айгерім Муфтуллаева.

Айта кетейік, Айгерім Муфтуллаева 2019 жылы Мұнайлы ауданының «Үздік жас маманы» атанды.

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...