26.04.2024

Дуалді оқыту жүйесін енгізу жөніндегі III Республикалық Форум өтеді

2014 жыл 11 мамыр күні Өскемен қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беруге дуалді оқыту жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі» атты III Республикалық Форумы өтеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі 11 мамырда Өскемен қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беруге дуалді оқыту жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі» атты III Республикалық (Теміртау) Форумын өткізеді. Мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дуалді оқу жүйесін енгізуде ұлттық модель қалыптастыру туралы тапсырмасын орындау және ел экономикасының инновациялық дамуы үшін кадр дайындау мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті дамыту.
Форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс Депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, сондай-ақ «Самрұќ-Қазына» ҰДҚ» АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақтары одағы» ЗТБ және Кәсіподақтар федерациясы өкілдері қатысады. Сонымен қатар, Форумда барлық ҚР білім басқармаларының, өндірістік компаниялардың өкілдері және дуалді жүйе саласындағы халықаралық сарапшылар жиналады.

http://edu.gov.kz/

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА