|  | 

Керекті кеңес

Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

Кез келген ата-ана үшін баласының бірінші сыныпқа баруы өте маңызды сәт. Сондықтан ата-ана балаға барлық керек-жарағын алып береді және оны психологиялық түрде мектепке дайындай бастайды. Алайда бала мектепке 100% дайын дегеннің өзінде, бірінші сынып оқушысы түрлі жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда ата-ана балаға ұрыспай, оны ұялтпай, керісінше, қолдау көрсете білу керек.

Үйді сағыну
Балаңыз балабақшаға жыламай барып, үйді аса іздемейтін болса да, мектеп балабақша емес екенін түсініңіз. Мұғалім – тәрбиеші емес, мектепте балаға зейін мен қамқорлық азырақ көрсетіледі. Сондықтан бала өзін жалғыз сезінуі әбден мүмкін. Егер бәрі жақсы болса, бала бұл кезеңді бірнеше аптадан кейін өткереді. Сондықтан бастапқы кезде оның мектепте үйді сағынуын қалыпты жағдай ретінде қабылдаңыз. Әр бала өзінше ерекше болғандықтан олардың мектепке бейімделуі де әртүрлі өтеді.

Мектепте адасу
Мектепте бастауыш оқушыларымен қатар орта және жоғары сынып оқушылары да оқитынын ескеріңіз. Бірінші сынып оқушысы үшін мектеп өте үлкен ғимарат. Әрине, мұғалім оқушыларын бақылап отырады, бірақ бірінші сынып оқушысы әлі де ойын іздейтін бала екенін ұмытпайық.

Сөмкесін жоғалтып алу
Алаңғасарлық – бірінші сынып оқушыларының көпшілігіне тән мінез. Тек сіздің балаңыз «аузын ашып» жүреді деп ойламаңыз. Алаңғасарлық балаға тән қалыпты қасиет, керісінше, егер балаңыз қандай да бір ұсақ-түйекті қайта-қайта тексере берсе, оның бұл әрекетінің себебін анықтау қажет болады.

Затын біреуге бере салу
Бірінші сынып оқушысы өзіне ұнайтын затты достарымен бөліседі. Олардың бәрі бала болғасын кейде ол зат кері қайтпайды. Тең емес айырбас, сынған ұялы телефон, үзілген моншақ, жоғалған әдемі қалам – мұның бәрі кез келген бірінші сынып оқушыларының арасында болатын жағдайлар. Егер баламен мектепке не апаруға, ауыстыруға, сыйлауға болатынын/болмайтынын ақылдассаңыз, мұндай жағдайлардың орын алуын алдын алуға болады.

Дұрыс жаза алмау
Жазу – кез келген бірінші сынып оқушысы үшін басты сабақ. 7 жасқа таман балалардың көпшілігі оқуды және санауды жақсы меңгереді, ал «жазбаша жазу» – олар үшін ең қиын міндеттердің бірі. Сондықтан баланың дұрыс жаза алмауынан қорықпаңыз немесе ұялмаңыз, оның орнына баланың кіші моторикасын дамытудың жолдарын қарастырыңыз.

 

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Massaget сайтынан алынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    1.Бауыржан Момышұлы соғыста жүріп күнделік жүргізген. Ол жазбалары 37 дəптерге жеткен.Бұл- Бауыржан соғыста жай жүрген жоқ анализ жасады, ойланды, толғанды деген сөз. Қан кешіп жүріп кітап диктовать етті. Содан Александр Бек “Волоколамское шоссені” жазды. Егер соғыста ізденуге, кітап оқуға болса, жайшылықта ізденуге, оқуға болады деген сөз. (Кітап оқуға уақыт жоқ, мүмкіндік жоқ дейтіндер үшін). Меніңше,

  • Диплом сатуға тыйым салу білім сапасын арттыруға ықпал етеді – қоғам қайраткері

    Диплом сатуға тыйым салу білім сапасын арттыруға ықпал етеді – қоғам қайраткері

    Диплом сатуға тиым салу білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Мұндай пікірді Целиноград ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел айтты. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауын тыңдап, онда ұстаз беделін арттыруға ықпал ететін тың бастамаларды естіп, тағы бір марқайып қалдық. Президент аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың «Жол картасын» әзірлеуі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog