|  | 

Жаңалық

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады

Көкшетау қаласында Абылай хан алаңында  өткен салтанатта үздік мектеп түлектеріне «Алтын белгілер» тапсырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты. Ол мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгілер» мен үздік аттестаттарды, сонымен қатар 100 және 80 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Сіздер маңызды, жауапты шешімдер қабылдау алдында тұрсыздар. Сіздер жассыздар, күш-қуат пен болашаққа үлкен жоспарларға толысыздар. Бүгін Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде атап өткендей, сіздердің алдарыңыздағы еліміздің дамуына қосатын үлестеріңіз зор. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сіздердің ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке жетістіктерге қол жеткізу үшін көп мүмкіндіктер жасалады», – деп атап өтті облыс әкімі.

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады
Ермек Маржықпаев жастарға алдына мақсат қойып, өмірде кездесетін қиындықтардан қорықпауға шақырды. Сонымен қатар, оқушыларға қажетті білім беріп қана қоймай, өз іс-әрекетіне жауап беруге барлық күш-жігерімен тырысқан мұғалімдердің еңбегіне ерекше тоқталды.

Құттықтау рәсімі дәстүрлі вальс биімен және түлектердің қоштасу флешмобымен аяқталды.

Айта кетейік, биылғы жылы Ақмола облысында 4606 түлек мектепті бітірді, оның 242-і «Алтын белгі», 175-і үздік аттестат иегері. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 710 оқушысы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Оның 18-і биылғы жылғы мектеп бітірушілер.  Олардың дені әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Назарбаев Университеті мен басқа да ЖОО-лардың оқу гранттарына ие болды.

Ақмола облысында 242 түлек мектепті «Алтын белгіге» аяқтады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты

    Бүгін елордада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Осы отырыста Елбасы оқу орындарындағы жемқорлық туралы айтты. «Сыбайлас жемқорлықпен күресіп, партияның ішін тазарту керек. Біз өзімізден бастауымыз керек. Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеуге жұмылдыру керек. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең тараған. Оқу орындарында сессияларды сатып алады,

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog