26.04.2024

Ұстаздар кәсіподағы 113 қызметкерді заңсыз жұмыстан шығарылудан қорғап қалды

2018 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы жұмыс берушілер тарапынан болған 2900 еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды аталған ұйымның баспасөз қызметі.
Бұл заң бұзушылықтарға қатысты еңбек заңнамасының бұзылғандығы туралы және оны қалпына келтіру бойынша жұмыс берушілерге 1502 арыз жіберілді.  Нәтижесінде қалпына келтірілген құқық бұзушылықтар бойынша 1390 жауап келіп түсті.

Ұстаздар кәсіподағының бастамасымен білім саласының 44 қызметкері жұмысқа қайта орналасты. Оның 6-ауы сот органдары арқылы қайтадан жұмысқа орналасты.

Бұдан бөлек осы саланың 113 қызметкерін заңсыз жұмыстан босатуға жол берілмеді.

Айта кету керек, кәсіподақ кеңсесіне оның мүшелерінен көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Тек былтыр хат арқылы 2 074 шағым түсіп, еңбек қатынастары мәселесі бойынша 20 790 ақыл-кеңес берілді.  2017 жылы да хат арқылы 2349 арыз-шағым түсіп, 18 878 ақыл-кеңес берілген болатын.

Естеріңізе сала кетсек, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйым және құрамына 700 мыңнан астам  кәсіподақ мүшесі кіреді.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА