26.04.2024

Египетте әл-Фараби орталығы ашылды

Египет Араб Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығын ашты, деп хабарлай Қазбілім порталы ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап.

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясындағы орталықтың ашылуы барысында «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылды.

Фарбитанушы ғалымдар, Каир университетінің философтары, ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов, Египеттегі ҚР Елшісі Арман Исағалиев Шығыстың ұлы ойшыл мұралары және өскелең ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіндегі оның идеясының өзектілігі жайлы баяндамалар жасады.

Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының рекоры әл-Фарабидің ізгілікті қоғам идеясына негізделген «Ізгілікті қоғам азаматын қалыптастыру. Заманауи университеттер миссиясы» халықаралық жобасының БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе жүзеге асуы жайлы айтты. Ол Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс Сұлтан мұраларын ғана емес, достас мемлекеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқаратынына сенім білдірді. Египеттегі Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осы жылдаң бастап әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет Каир университетінде қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.

Сапар аясында қазақстандық делегация мен Бас имам әл-Азхар шейх Ахмад ат-Тайеб, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абдель-Гаффар, ЕАР Парламенті білім беру және ғылыми зерттеулер істері бойынша Комитет төрағасы Сами Хашим, Каир университетінің ректоры Мохаммед Осман әл-Хошт және «Гомхурия» газетінің бас редакторы Абдель-Разек Тауфик араларында құрылымдық диалог өрбіді.

Кездеу барысында бірлесе мамандар даярлауда өзара әріптестікті нығайту, академиялық алмасу бағдарламасын, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын жүзеге асыру, оқытушылар біліктілігін арттыру, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жасау, фарабитану курстарын енгізу сұрақтары қарастырылды. Египеттен ҚазҰУ филиалын ашу жайлы келісім іс-сапардың маңызды сәтіне айналды. Тараптар 2020 жылы ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге және дайындық жүргізуде бірлескен жұмыстар жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

ҚазҰУ делегациясы құрамындағы түсіру тобы қазіргі уақытта түсіріліп жатқан әл-Фараби және Бейбарыс Сұлтан туралы көркем фильмдерге қажетті видеоматериалдар жинау үшін Египеттегі тарихи-мәдени нысандарды аралады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА