|  | 

Білім жарысы

«HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық
идеялар фестивалі өтті. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

«HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар – «Ақпараттық технологиялар», «Контент және медиа», «Дизайн және анимация», «Мобильдік технологиялар және Кино», «видео» бағыттары.

Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, МУИТ ректоры Дамир Шыныбеков және кәсіпкер Қайрат Құдайберген қатысты. Фестивальге сондай-ақ, Machine Learning Яндекс Россия жасаушысы Тильга Сергей, ТНТ каналының жүргізушісі Ксения Ильиных, режиссер, «Ёлки новые» фильмінің сценаристі Егор Чичканов, «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов қатысты. Іс-шара қонақтары жобаның ұйымдастырылу деңгейі мен қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға берді. Өйткені қатысушылар 3 минуттың ішінде өз идеяларын көпшілікке жеткізіп, 24 сағаттың ішінде дайындалған жобаларын көрсетті. Өз берген сұхбатында «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов 24 сағаттың ішінде жасалып жатқан жобалар көңілінен  шыққандығын айтады. «Кейбір студиялар бұл жұмысты айлар бойы істейді, ал фестиваль шеңберінде балалар бір түннің ішінде қызықты жобалар жасап
шығарды. Шара көңілімнен шықты» дейді А.Шамшадинов. Түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандық иелерінің басын қосқан фестиваль тек Қазақстан мен Ресейден келген қатысушылардың бастарын қосты. Шара қатысушылары түрлі салалардағы өз білімдерін көрсете білді. Айта кеткен жөн, шараның ең жас қатысушысы 10 жаста. Студенттермен қатар өз бағын сынап, «Мобильдік технологиялар» секциясы бойынша жобасын ұсынған Диана Султанова мен Айсауле Жумабаеваның да жұмыстары лайықты бағасын алды.
HackDay фестивалінің серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры, Halyq Bank, Samsung және SmArt Point болды.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

    Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі

  • Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

    Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды

     Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Заманауи білім беру тенденциялары, болашаққа көзқарас – Байтанаев оқулары-7» атты xалықаралық конференцияда павлодарлық оқушының жобасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. – Мұндай xалықаралық шара осымен жетінші рет өтуде, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ғылыми зерттеу жұмыстары бөлімінің басшысы Жанат Ибрагимова. – Осы жылы конференция жинақтары үш том болып басылды. Жыл

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog