Home >> Білім жарысы >> «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімі бекітілді
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімі бекітілді

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілгенін хабарлады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылады. Сондай-ақ конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

Анықтама үшін:

Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісім-шарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top