|  | 

Ұстаз үні

Осы біз мектепте қазақ əдебиетін оқытамыз ба?

Қай қазақ болса да бірауыздан “оқытамыз”, “оқиды” дейтіні анық. Əрине, атауы сондай оқулықты оқитыны рас. 1,4-сыныпта жаңартылған білім мазмұнына дейін “Ана тілі” деген пəн оқытылды, аптасына бір -екі сағат өлең, əңгіме, ертегіден үзінді оқыған балалар ақыл – ойын жетілдіріп, тəрбиеден үлгі алды. Мазмұндауға, жүгіріп оқуға дағдыланды. Сөздік қорын молайтып, тілін сындырды. 
5,7,8-сыныпта “Əдебиет”деп аталатын оқулықты əр аптада 2 сағат оқытамыз. Бұл оқулықтың да мазмұны бастауыштың жалғасы, бала автодың өмірінен деректерді жəне бір -екі шығарманы талдайды, айтады, жаттайды, кейіпкерлеріне, өлеңнің, поэманың көркемдік жағына талдау жасайды.
9,10,11-сыныпта “Қазақ əдебиеті” деген оқулық əңгіме, хикаяттан бастап, аты шулы романдар, диалогия, трилогияларды, драмалық жанрларды, поэма, дастандарды, жырлар мен айтыстарды түгел қамтиды. Былай қарағанда бəрі дұрыс сияқты, бірақ осы пəнді оқыту үрдісі мектептегі оқушының сөздік қорын дамытуға қаншалықты үлес қосады?! Отыз жыл сабақ берсем де, өзегімді өртейтін бір өкініш бар. Оқушыларым сол көркем шығарманың өзін, түп негізін оқымайды. “Отыз жыл сабақ беріп, енді неге оқыта алмай отырсың?” деген сұрақ көкейлеріңізде тұрғанын білемін. Ары бармай-ақ, мынаған көз жүгіртейік. 1980 жылдары 5-сыныпта тіл мен əдебиетті аптасына 8 сағат оқытатынбыз. Ал қазір 5-сыныпта 5 сағат оқытылады, оның 3 сағаты қазақ тілі, 2 сағаты əдебиет. Сол 2 сағатта көркем əдебиетті емес, əдебиеттің теориясы мен тарихын оқытып кеттік.”Əдебиет”дейтін ғылымның көркем əдебиет, əдебиет теориясы, əдебиет тарихы, əдебиет сыны деген салаларын түгел осы 2 сағатта қамтитын болдық та, көркем əдебиет ысырылып шетте қалды. Əр аптадағы қазіргі 80 минут оқушыға не береді?! Қазіргі баланың өздігінен көркем шығарма оқымайтыны бəрімізге белгілі. Əр жыл сайын қазақ балаларының туған əдебиеттің нəріне қанатын уақытын неге қысқартып жатырмыз?!!! Балаға таза көркем туынды оқытатын уақытты мектеп бағдарламасына енгізетін күн туа ма?!!! Бұрынғы 80 жылдардағы 8 сағаттың бəрін орыс тілі мен ағылшын тіліне үлестірдік. 8 сағатты қысқартып, өзге пəндерге бердік. Сабақтан кейін түрлі спорттық үйірмеден ( баскетбол, воллейбол, күрес, дзю -до, картэден) шықпайтын балаларға дене қимылы қажет деп, тағы осы пəндердің есебінен сағат үлестірдік. Себебі ағылшын тіліне, орыс тіліне, дене шынықтыру пəндерінің сағаты көбейтілгенімен, оқу жоспарына артық сағат қосылған жоқ. Қосылған сағаттар қазақ тілі мен əдебиетінің бұрынғы 8 сағаттық апталық сағаттарды қысқарту есебінен жүрді. Ал, бүгінгі бала рухани жүдеулікке ұшырады десем артық айтпаймын. Енді аздан соң, бар ақыл -ойынан тоналғандарды отызында бесікке таңып отырмасақ жарады. Осы келеңсіздікті жою үшін мектеп бағдарламасын қайта қарап, оқу жоспарына “Көркем əдебиет” пəнін енгізіп, бағдарлама жасау керек-ақ. Біз мектепте көркем əдебиетті емес, əдебиет тарихын, əдебиет теориясын, əдебиет сынын оқытып жүрміз. Өйткені “Көркем əдебиет” пəні оқу жоспарында жоқ, олай болса, оның бағдарламасы да жоқ. Қайтсек болады?!

Мейрамгүл Барқазатқызы.Қазақ тілі мен әдібиеті пәні мұғалімі. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • ОНДАЙ БОЛМАҚ ҚАЙДА ДЕП, АЙТПА ҒЫЛЫМ СҮЙСЕҢІЗ…

    ОНДАЙ БОЛМАҚ ҚАЙДА ДЕП, АЙТПА ҒЫЛЫМ СҮЙСЕҢІЗ…

    Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін! Мағжан ақын осылай жырлап еді. Биыл – Жастар жылы. Жас ғалымдардың еңбегі еленіп, өнері бағаланып жатыр ма? Ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақтың мықты-мықты ғалымдарының көбі күнкөрістің қамымен «базар» жағалап кетті. Нарыққа «көндіге» алмағандары шекара асып, шетелді сағалады. Оған да «жарамағандар» тиын-тебенге телміріп қалды. Содан

  • Қазаққа ақын керек пе, технократ та керек…

    Қазаққа ақын керек пе, технократ та керек…

    «Қазаққа кім керек?». Оқырманға дәл осылайсауал тастаған едік. Бұған академик Асқар Жұмаділдаевтың «Қазаққа ақын керек пе, технократ керек пе?» деген пікірі түрткі болды. Сауалымызға елге белгілі қаламгерлеріміз де, IT мамандары да үн қатты. Бүгін белгілі ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы редакциямызға қоңырау шалып, өз пікірімен бөлісті. – Академик Асқар Жұма­ділдаевтың сұхбатын оқып шық­тық.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog