|  | 

Білім жарысы

Жапониялық ұстаз

Бір күні жапондық әріптесім Ямамотодан:
– Жапондықтар ұстаздар күні болғанда, оны қалай мерекелейді? – деп сұрадым. Менің сұрағыма таң қалған ол:
– Бізде ұстаздар күні деген мереке жоқ, – деді.
Оның жауабын естігенде мен тосылып қалдым. Сенейін бе, сенбейін бе? Санамда: «Неге экономикасы, ғылымы, техникасы қарыштай дамыған елде ұстаздарға, олардың ересен еңбегіне немқұрайлы қарайды екен?» деген ой қылаң берді.
Бір күні жұмыстан соң Ямамото мені өз үйіне қонаққа шақырды. Ол мектептен қашықтау жерде тұратындықтан, біз оның үйіне метромен жеттік. Кешкілік кептеліс мезгілі. Метрода адам ығы-жығы. Төбемдегі темір ұстағыштан тастай қатып, ұстап алғам. Бір уақта жанымда отырған ата маған орын берді. Өзіме деген аяқ асты мұндай ізетті мен түсініңкіремей, қарт кісінің бұл ілтипатын қабылдай алмадым. Бірақ ол қоймады. Отыруға мәжбүр болдым.
Метродан шыққан соң Ямамотодан ақсақалдың бұнысы несі деп сұрадым. Ямамото менің төсбелгіме саусағын шошайтып, былай деді:
– Ол ақсақал сенің төсбелгіңе көзі түсіп кеткен ғой, сенің мәртебеңе сай саған орын берді.
Ямамотоның үйіне бірінші рет бара жатқан соң құр қол барғанға ыңғайсыздандым. Сыйлық алған жөн шығар деп ойладым. Онымды Ямамото ұстазға айтқан ем. Ол мұнымды құптады. Жол бойында жеңілдікпен зат алатын дүкен бар деді. Мен тағы да тосын жағдайға тап келдім:
– Жеңілдікті тек ұстаздарға ғана бере ме? – деп сұрастырдым.
Ямамото менің сөзімді қостай берді:
– Жапон елінде ұстаз – ең беделді мамандық, құрметті адам. Жапон кәсіпкерлері ұстаздар олардың дүкеніне бас сұқса бөркін аспанға атады. Мерейі үстем болып, қуанып қалады, – деді.
Жапон елінде қызмет еткенімде талай мәрте ұстазға деген ерен құрметтің куәсі болдым. Метрода оларға арнайы бөлінген орындар бар. Оларға арнап салған дүкендер көп. Кез келген көлікке міну үшін кезектен тыс өтеді. Жапон ұстаздарына төл мерекенің қажеті де жоқ.
Осы хикаяны айта отырып, біздің де қоғам осылай дамыса деп тілеймін. Осындай деңгейге жетіп, ұстазға деген ілтипатымыз өсіп, ұстаздарымыз жоғары мәртебеге лайық болсын деп тілеймін.

Авторы белгісіз
Аударған Шынар Әбілдә

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды – Павлодар

    Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды – Павлодар

    Павлодар қаласында алғаш рет дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында І республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәмелі Саламбекованың айтуынша, конкурсқа 12 облыстан 56 оқушы  қатысқан. Жас өрендер «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер

  • Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордада «Тау мен дала хикаясы» тақырыбында Айтматов оқулары өтті

    Елордамыз Нұр-Сұлтанда  Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовқа арналған «Тау мен дала хикаясы» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қырғызстан – Астана» этномәдени бірлестігінің бастамасымен өткен іс-шараға арнайы Қырғызстаннан келген жазушы, қоғам қайраткері, Шыңғыс Айтматовтың туған қарындасы Айтматова Розетта Төреқұлқызы қатысты. Ауқымды іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы №79

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog