Home >> Керекті кеңес >> Депутаттар мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеруді сұрап отыр
Депутаттар мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеруді сұрап отыр

ҚР Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысы барысында депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді. Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны Үкімет басшысының атына жолдады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады.

«Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс», – дейді депутат Смирнова.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста депутат З.Балиева «көбелек» пен «xрустальды» балалардың проблемасын көтерді. Оның айтуынша, бүгінде ондай балаларды емдеуге қажетті ем-дом мемлекеттік реестрге кірмейді. Соның салдарынан олардың ата-атаналары шетелге барып, қыруар шығын шығаруға мәжбүр.

Арман АСҚАРОВ

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top