27.04.2024

Жалқау бала қайдан шығады?

Кейбір ата-ана өз балаларының үй шаруасына көмектеспейтінін, тіпті, төсек-орнында жинамайтынын, сабаққа да немқұрайды қарайтынын айтып шағымданады. Жас кезінде бала бойында белсенділік пен жігерлілік бола тұрса да, оларда жалқаулық қайдан пайда болады?

Ең басты себеп – тәрбиенің дұрыс болмағандығы. Көптеген ата-ана баланы жас кезінен еңбекке баулымайтындығы. Көбінесе оны қорғаштап өздері істейді. «Кейін өскен соң жұмыс істеп үлгересің?», — деп аяғынсиды. Сөйтіп өз балаларын ақ саусақ, байбатша етіп өсіргенін де білмей қалады.

Жалқаулық баланың шамасы келмейтін міндет жүктеуден пайда болады. Тапсырылған жұмыстың бәрібір қолынан келмейтініне көзі жетеді де одан сырт айналады. Жұмысқа баланың шамасы келетін болғанымен, мақсаты түсініксіздеу болса да солай ете салады.

Баланың ең кішкентай кезінен бастап еңбекке үйрету керек. Алғашқы кезде жеке тапсырмалар мен өзіне-өзі қызмет етудің ең оңайын ойын түрінде өткізген дұрыс. Ойын біртіндеп еңбектену дағдысына ауысады. Бала өскен сайын, оған үлкендер тарапынан сеніп тапсырылатын жұмыстар түрлі болып қиындай түседі. Өзінің еңбегінің нәтижесіне назар аударып, бастаған ісін аяқтап шыққанына қуану сезімін тәрбиелеу, баланы қуаттап отыру қажет. Ал егер баланы жалқаулық жеңген болса, оған зор шыдамдылық пен табандылық көрсету керек. Оны кінәлау мен зорлаудың көмегі шамалы болады. Ең бастысы – баланы құрбыларының еңбек ұжымына қосу арқылы нәтижеге жетесіз. Ұжым баланы қызықтырып, белсенділігін оятады. Жалқау баланы өзінің жалқаулығының нәтижесін сезінетіндей жағдайға келтірген пайдалы. Мысалы, нанға баруға ерінген бала – тамақты нансыз ішеді, сабақ оқуға жалқауланған бала – жаман баға алады деп түсіндірген дұрыс. Нәтижесін бірте-бірте көре бастайсыз. Ата-ана баласын киіндіріп тамақтандырумен айналысады да тәрбиеге аса көңіл аудармайды. Баланы жас кезінен еңбекке баулыса, ертеңгі күні нағыз азамат болып өсетіні даусыз. Ең қысқасы, баланы жалқаулықтан іскерлікке үйрету — ата-ананың борышы.

Дерек көзі: mazhab.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА