27.04.2024

Жұлдыз Молдағалиева. ҰБТ 

Көп жандардың жүрегіне салды мұң,
Күйретіп кеп армандардың барлығын.
Қара қалам…шарасыздан әлдекім,
Қара түспен бояп отыр тағдырын… 

Айтылғандай кеудедегі ән ізгі,
Мына ғалам әділетсіз тәрізді!!!
Бастамай — ақ болашағын біреулер,
Жанарынан (қажетсіз) жас тамызды…
11 жылдық өткен сол бір уақыттан,
3 сағат пен 30 минут маңызды! 

Дегенменен, сынақ қой бұл өтпелі!
Кімге айтам іште қалған өкпені?! 
Жүгіреді жанталасып тақтаға,
Көздерімен көретіндей Меккені… 

Болғаннан соң арқасүйер «тірегі»,
Бір талапкер қуанады, күледі…
Ал, біреуі қоштаспақшы өмірмен,
Себебін, тек өзі ғана біледі… 

…Сөздерімді ой ұғатын ел естір,
Айтқанымды бағамдаса, демес құр.
Мен отырам, «пробныйда» армандап:
«Осы тестті шешсе екен — деп, министр»
Шіркін!

*** **** **** 

Ұқпаймын достық ұғымын,
Қателік дейді мұны кім?! 
Өмірім менің — ғажайып,
Өлеңімменен тірімін!
Жалғыздығымен жарасқан,
Досы жоқтардың бірімін… 

Сананы басса көмескі ой,
Көтереді деп елес бой,
Сырыңды оған ақтару — 
Дос болып қалу емес қой… 

Қиналғанда мұң есті арбай,
Көмекке келу кеш қалмай,
Жанынан әркез табылу — 
Достық емес ол ешқандай… 

Тілегенменен бағыңды,
Қостағанменен әніңді,
Достыққа мүлде келмейді — 
Түсінгені де жаныңды… 

Сырымды аштым десе де,
Көңілде қайғы өше ме?!
Өзіңнің мұңың — өз мұңың..
Мақтауыңды, мейлі, еселе.
Ақтап ал оны, ал сонда,
Басыңнан бұлттар көше ме?!
Ұқпайды сені дос бүгін,
Ұқпаған тіпті кеше де…
(Достық емес қой — «досыңмен»
Бірге қыдыру көшеде) 

Жүрекке нала толады…
Өмірдің солай жолағы…
Әр адамда ешкімге,
Айтпайтын сыры болады… 

Еліктеп өтер кескінге,
Келген қонақпыз бес күнге…
Түсіну үшін достықты,
Күші дәрменсіз естің де…
«Дұшпанның» сөзін құптадым,
«Достағы» ойды кештім де…
Мойындап қойдым тегінде,
Болса да уақыт, кеш мүлде,
Достық болмайды ешқашан,
Дос болмаған ешкімде… 

Қайғымен мейлі кездескін,
Қиындық келсе төзбес кім?!
Өзіңнен артық өзіңді,
Ұға алмайды өзге ешкім…

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА