|  | 

Керекті кеңес

БИЫЛ ҰБТ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢДАЙ ТҮСПЕК

Биылғы ҰБТ тәртібі қатаңдай түспек. Енді тест тапсырылатын аудиторияны ІТ-маманы қадағалап, шпаргалкамен ұсталғандар ЖОО-ға түсу құқығынан айырылады деп хабарлады Алматы телеарнасы. 

Биыл түлектер сынақты жаңа тәртіппен тапсырады. Осы жолы ҰБТ сұрақтары да жаңарған. Сондай-ақ түлектің тестілеу кезінде алған бағасы мен жылдық қорытынды бағасы қосылып, орташа арифметикалық бағасы шығатын болды. Тестілеу маусымның 2-сі мен 15-і аралығында болады.

Сауалдар қоры 21 мың 200 жаңа сұрақпен толыққан. Оның 3 мыңы логикалық сұрақ түрінде болады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушының ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде алған бағасы мен жылдық қорытындысы қосылып, орташа арифметикалық бағамен есептеледі.

“Ұлттық бірыңғай тестіні тапсырған кездегі алынған бағамен қорытынды бағаның орташа арифметикалық бағасы қойылады. Егер де дау туған жағдайда, баға жоғарылатылады. Мысалы, егер де оқушы ҰБТ тапсырған кезде 4 деген баға алса, ал енді оның қорытынды бағасы 5 болған жағдайда онда оқушыға жоғарылату мақсатында 5 деген баға қойылады”,- деді Алматы қаласы білім саласын бақылау департаментінің басшысы Қанай Батырбаев.

Биылдан бастап әрбір аудиторияны ІТ-маманы қадағалайды. Олар ұялы байланыстың бөлмеде болмауын, бейнебақылау камераларының дұрыс жұмыс істеуін, сондай-ақ, жауап парақтарындағы белгіленген нұсқалардың жөнді есептелуін бақылайды.

Мамандар осы арқылы тәртіпті одан әрмен күшейтпек. Енді тест тапсыру кезінде бітірушіден тыйым салынған заттар мен “шпаргалка” тәркіленсе, ол аудиториядан қуылады. Сөйтіп тест тапсыру құқығынан айырылады.

“Онда тест материалдары жойылып, мектеп бітіруші аудиториядан шығарылады. Ол биыл жоғарғы оқу орнына түсу құқығынан айырылады. Бірақ мектепте емтихан тапсырып, аттестат алуына толық мүмкіндігі болады”,- деді деді Алматы білім саласын бақылау департаментінің басшысы Қанай Батырбаев.

Биыл Алматда 7905 оқушы мектеп бітіреді, оның 6247-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш білдіріпті. Олардың қатарында 276 түлек алтын белгіге үміткер. Қалада 7 ҰБТ өткізу орталығы жұмыс жасайды.

Айта кетсек, Алматы қаласы үш жыл қатарынан ҰБТ кезінде үздік көрсеткішке ие болып, республика бойынша көш бастап келді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    Жаңа әліпби: Емле ережелеріндегі ескерілер кемшіліктер

    2018 жылғы 6 желтоқсанда Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері тағы бір қайтара саралану, олқылықтары болса жөнделу мақсатында республикалық басты басылым Егемен Қазақстан газетінің 2019 жылғы 11-санында жарияланды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры профессор Е.Қажыбек: «Жаңа әліпби негіздегі емле ережелеріне қоғам мүшелері бей-жай

  • Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?

    Екі жыл Америкада оқыдым. Бостон қаласында тұрдық. Ұлым Алаш Америкада бірінші сыныпқа барды. Қарапайым мемлекеттік мектеп.  Баламды бір жыл бойы бақылап, мектеп бағдарламасын зерделеп, мұғалімдермен сөйлесіп, ата-аналармен араласып, күліп жүретін, өз бағасын білетін, өз-өздеріне сенімді, қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын ұрпақты қалай тәрбиелейтінінің сырын түсінгім келді. Бір жыл бойғы зерттеу нәтижесінде мынадай ой түйдім.  Американың орта

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog