08.05.2024

Қасен Сержан. Мұғалім болудан қашуға 14 себеп

1. Билік органдары мұғалімдерге қалағанын істете алады, құқықтарын қалағанынша бұза алады. Өз кезегінде мұғалімдер билікке қарсы үн шығара алмайды.

2. Білім беру негізінде жалпы қоғамның міндеті еді, қазір тек қана мектептің шаруасы болып қалды. Тіпті көп санды адамдардың санасында мұғалім мен білім беру бір ұғым.

3. Мұғалім беделін көтеру деген ұран айтыла айтыла жарапазанға айналды. Мұғалім жалақысын көтеру керек деп көп айтылады, бірақ аз орындалады.

4. Қоғамда білім беру саласы «қызу талқыланатын» түйінге айналды, қалаған адам сынап міней алады, жұдырығын көрсетіп доқ көрсете де алады.

5. Барлық адам оқушыларға көңіл бөледі, аз санды адамдар ғана оқытушыларға көңіл бөледі. Ақырындап мұғалімдеріміз қоғамдағы ең әлсіз топқа айналуда.

6. Басқа барлық сала қызметкерлерінің емін еркін өмір сүруге құқы бар. Ал мұғалімдер ресторанда жиналып көңілін көтерсе «Мыналардың жүрген жүрісі мынау, оқушы қайдан оңсын» деген сияқты сыпсың сөз желдей еседі.

7. Оқушы әулие, ата аналар құдай болды, оқушы қателік өткізсе үнемі мұғалім кінәлі болып шығады.

8. Мұғалімдер — бір жақтан ҰБТ, енді бір жақтан аттестация, сан жетпес тексерулер, осылардың арасында қалт-құлт етіп өмір сүруде.

9. Балаға тәрбие беруде негізінде қатаң болатын жерде қатаң болып, мақтайтын жерде мақтап отыру керек еді. Ал қазіргі тәрбиеде оқушыға бар өнеріңді салып жағатсынудан басқа ештеңе қалмады.

10. Мектептерді тек ҰБТ нәтижесімен бағалаудан шығатын қорытынды: жолын тапқандар Университетке грантпен түседі, жолын таппаған озат оқушы ақылы бөлімге түседі, тест жаттатқызудың жолын меңгермеген тәжірибелі ұстазымыз сынға ұшырайды.

11. Мұғалімнің бір күндік қызметі басқалар сияқты 8 не 9 сағатпен аяқтала ма? жоқ мүлде олай емес, шын мәнінде мұғалімдер жұмыстан кейін де, демалыс күндері де үйінде жұмысын жалғастырады, бірақ оған ақы төленбейді.

12. «Нашар оқушы жоқ, нашар мұғалім бар» деген сияқты тағылымдар, бар жауапкершілікті мұғалімдерге артып, «мұғалімдер әйтеуір ептеп септеп күн өткізеді» деген жаңсақ пікір қалыптастырды.

13. Мұғалімді жұмысқа қабылдау немесе шығару дейтін директордың шектен тыс құзіреті, мұғалімді жуасытатын сиқырлы таяққа айналды.

14. Өз мамандығы алдындағы кәсіби жауапкершілік пен билік органдарының қысымы салдарынан, олар қалыпты адамдарда болатын күлу, шаттану, ашулану сияқты эмоцияларын жасырып қалуға мәжбүр болуда. Қысқасы қалыпты адамдара сияқты жасаудан қалып барады.

serjan.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА