27.04.2024

Ыбырай Жұматай. Тастүлек

Тұлымын самал суйіп тарап аспан,
Жасындай жарқылдаған бала жастан.
Дуалы ерге айналды дулығалы,
Жуалыдан басталған дара дастан.
(Автор)

Тастүлек
(Бауыржан Момышұлына)

Жерінгенде ел өз қағынан ардан шын,
Сын сағатта тыңнан түрен салғансың.
Ұлы деген текті сақтау арқылы,
Ұлт жадында ұлы болып қалғансың.

Қаһарымен қамалдарды бұзып әр,
Қаймықпаған қадамыңа ел қызығар.
Қызыл алаң-кремльдің өзінде,
Сенің хром етігіңнің ізі бар!

Ұлт тағдыры түсіп жатса талқыға,
Қауіп төнсе қазақ дейтін халқына.
Теуіп ашып талай темір есікті,
«Алашым» деп арзу айтты алқына.

Күйін кешіп батырдың һәм аңғалдың,
Ел-жұртыңа шаттық сыйлап,қайғы алдың.
Абай айтқан бір атаның ұлы емес,
Бар қазақтың ұранына айналдың.

Тастүлектей тасты жарып өтетін,
Буырқанса бура болып кететін.
Тектілік пен тентектігі тең түскен,
Батыр бар ма баба саған жететін.

Жадыраса жаз күніндей жаны ізгім,
Тебіренсе текті қыран тәріздім.
Ашып берген еңбегіңе мың алғыс,
Аражігін ақиқат пен аңыздың!

Сағынады ел саңлақ ұлдың порымын,
Үңірейіп тұр ғой бүгін орының.
Екі жүзді залымдардың зәресін,
Зәр түбіне кетіретін зор үнің.

20150213_164754Ерлік ісің елге жеткен аңыз боп,
Жас ұрпақтың жігеріне тамызды от.
Сені іздейді шайқалғанда намысы,
Күллі қазақ рухыңа қарыз боп!

Ыбырай Жұматай
Тараз қаласы Абай атындағы №26 орта мектебінің 9-сынып оқушысы.
Бірнеше Республикалық және облыстық мүшәйралардың жеңімпазы.
Жетекшісі: Кулекеева Ақтолқын Ерғалиқызы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

6 КОММЕНТАРИИ

  1. Жарайсын,бауырым.Бауыржаннын бар болмысын бир оленге сыйдырыпсын.Бир жерди тесип шыгатын бала боласын ау осы туби.Жарайсын,саган тек саттилик жолдас болсын!

  2. Бас аягы жуп жумыр олен екен!Абай айткандай «Иши алтын сырты кумис соз сарасы»

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА