26.04.2024

Жаңа жылдық сыйлық үшін ата-анадан ақша жиналса, директор қызметінен кетеді.

Жаңа жылдық шыршаны мерекелеу барысында қаладағы білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерге таратылатын сыйлық үшін ата-аналардан ақша жиналмауы тиіс. Егер ақша жинау туралы ата-анадан түскен шағым расталса, ұжым басшысы қызметінен босатылуы мүмкін. Бұл туралы Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында арнайы жиын өткізген қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
Қаладағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне осыны ескерткен Бахадыр Нарымбетов: «Соңғы бірнеше күнде оқушылардан ақша жинау дерегі бойынша ата-аналардан 30-ға таяу арыз-шағым келіп түсті. Күн өткен сайын мұндай деректер саны тіпті арта түсті. Осы шағымдардың негізінде, арнайы тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, бұл істің мәнісін талқылаймыз. Шағым расталған жағдайда ұжым басшысы қатаң жазаға тартылады», — дейді.
Бахадыр Нарымбетов егер ата-анадан түскен шағым расталса, ұжым басшысы қызметінен босатылуы да бек мүмкін екенін алдын-ала ескертті.

-ЖАРНАМА-spot_img

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Алланың нұры жаусын! Қарағанды қаласында осындай ұйым болса ғой. 0 сыныпта оқиды мектепке сыйлық, әр сыныптан 10 мың теңге деп жатыр, 4 сынып бар сонда 40мын тенге дейді менің танысым. Сонда бұл қалай?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА