Home Үздік Оқушы Көкшетаулық 4 сынып оқушысы «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды

Көкшетаулық 4 сынып оқушысы «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды

0

Көкшетауда төртінші сынып оқушысы әкесімен бірге «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды. Бұл туралы Қазбілім порталы Қазақпарат агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнертапқыш бірінші орын алып, 150 мың теңгеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Көкшетау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» НИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қаласындағы физико-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің төртінші сынып оқушысы Алидар Ескендіров «Голдберг машинасы» желілік отбасылық байқауында бірінші орын иеленді.

«Голдберг машинасы» домино қағидасы бойынша әр бөлшегі бір бірімен әрекеттесе отырып жұмыс істейтін құрылғы. Бұны көбіне инженерлер мен әуесқойлар ермек етеді, сондай – ақ, балалар фильмі мен комедияда кездеседі», – дейді ведомстводан.

Байқауға қатысу үшін Ескендіровтердің отбасына «Қолды дизенфециялау – денсаулық кепілі» тақырыбы ұсынылған. Сол себепті, олар ең соңында антисептик дозаторын басатын машина құрастыру тиіс болатын.

«Біздің команда «ГРиМ» деп аталды. Яғни, Гром, Раскат және Молния». Өйткені, шариктерді жібергенде, домалаған қатты дауысы шығып, артынша найзағайдың дүрсілі естіледі. Жобаны дайындауға біраз уақыт кетті. Соған орай, әкеміз екеуіміздің еңбегіміз ақталды», – дейді жас өнертапқыш.

Көкшетау қаласындағы НИМ директоры Зульфия Оразбекова жеңімпаздарға 150 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Алидар өте талантты, белсенді оқушы. Ол 5 жастан робототехника үйірмесіне қатысып келде және келешекте инженер-өнертапқыш болуды армандайды.

 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version