08.09.2024

Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады

Павлодар облысының үш қаласында – Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 7-31 желтоқсан аралығында бастауыш және орта мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқуға ауысады.

Карантин режимі білім беру орталықтарына, үйірмелерге және мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріне де қолданылатын болады.⠀Бұл шаралар Павлодар облысының коронавирус таралу қаупі бойынша «қызыл аймақта» орналасуына байланысты қолға алынып отыр. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 780 жағдай тіркелді, оның 4 423 – Павлодар қаласына, 829 – Екібастұз қаласына және 526 – Ақсу қаласына тиесілі.⠀

Сонымен қатар, соңғы 3 айда облыста COVID-19-бен 30-ға жуық оқушы ауырып қалған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА