16.07.2024

Пара беруге итермелеген мектеп директорының орынбасары сотталды

Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлады Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Қызылорда қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды.

«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген», – делінген хабарламада.

Биылғы жылдың 4 қарашасында Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА