27.07.2024

Волонтер студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
Бүгіннің өзінде министрлік «Студенттік бастама» волонтерлік қозғалысын құру және жас волонтерлер базасын қалыптастыруды көздеп отыр. Студенттерді құрылыс отрядтарына тарту мәселесі пысықталды. Студенттер жазғы демалыс кезінде құрылыс жасақтарында жұмыс істей бастады«, – деді ол.

Министрдің айтуынша, ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылды.

«Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда», – деді Дәурен Абаев.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА