30.10.2024

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАР ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ

Жақында ғана Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада қазақ перзенттерін ұлттық рухтың кәусар бұлағынан сусындататын керемет жаңалықтың тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылды.
Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарыққа шығып отырған «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдер жұрттың ықыласына бөленді. Тұсаукесерге қатысқан мәдениет министрлігінің өкілдері, парламент депутаттары, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың барлығы да бұл жаңалықты “ұрпақты ұлттық болмысымызбен тәрбиелеуде ерекше рөл атқаратын, ел игілігі үшін жасалған тың бастама” деп бағалады. Сол сәттен бастап бұқаралық ақпарат құралдары да бұл жаңалықты жарыса жариялап жатыр.

Электронды қазақ үй Міне, жаһандану үрдісінде бабалардан аманат болған тіл мен ділді қорғау жолындағы ерлік дегеніңіз – осы. Құлағына шетелдің даңғазасы маза бермей, қолынан “шашы сары, көзі көк” ойыншық түспейтін қазақ баласына нағыз “зәруге дәру”-дің өзі болды. “Электронды қазақ үй” – халық қазынасының бай мұрасын бойына жиған ғаламат тәрбие құралы. Ертегіден бастап, бесік жыры дейсіз бе, ән-күй дейсіз бе, қысқасы, қазақтың үні, қазақтың ақыл-нақылының бәрі осы кіп-кішкентай киіз үйге жинақталған.
Мінеки, киіз үй сіздің балаңызбен дос болуға дайын – сіз таныстырсаңыз болғаны. Қалай да, ұлт руханияты үшін бір тың қадам бастық. Ендігісі қадірменді, ата-ана, сіздің еркіңізде. Үйдегі ұл-қызды тегіне тартып, тарихын ұқсын, рухы асқақ болсын дерсіз, әлбетте. Ол үшін ақыл айтып алысқаннан гөрі осы киіз үймен таныстырып, оның ішіне үңілтсеңіз, сырлы сазымен тербетіп, нақылын бойына сіңірсеңіз тәрбиенің көкесі осы болмақ.
Ал, «Даналық әліппесі» он екі томнан тұрған қазақ руханиятының алтын қазынасы, қазақ ертегілері, дәстүрлі ән, домбыра мен қобыздың әсем үні бәрі де табылады. Ерекше жаңалығының бірі, һәм бірегейі сол бар байлықты «сөйлейтін қалам» оқиды. Қарапайым ғана қалам сізге он екі томды, өзі оқып, әндетіп айтып, күй болып төгіледі. Бұның ерекшелігі – ата-ана баласына ертегі айтып беруге уақыты жоқ бүгінгі күнде балаңызға таптыртпайтын дос. Әлі хат танып үлгермеген балаға тамаша серік, әрі тәрбие, әрі ойыншық болар бұл қаламнан балаңыз қазақы мәдениеттің тұнығымен сусындары қуантады.
«Абайтану әліппесі» Абай атамыздың тәрбиеге тұнып тұрған даналығын дәл сол сөйлейтін қалам арқылы балаңызға ажырамас серік болса, балаңыз Абай тағылымымен ержетері, қазақы болмыспен қалыптасары хақ. Сонымен қатар, бұл қалам бала денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндей арнайы зерттеліп, медициналық және экологиялық нормаларға сай жасалынған.

Даналық әліппесі «Бүгінгі өзіміз емес, өзгенің менталитеті сіңген мультфильмдердің кесірінен құтылатын күн жетті. Ал, құтқаратын заттар осы бүгінгі тұсауы кесілген баға жетпес байлығымыз» – деп қуана тарқасты біздің зиялы қауым. Баламызға алып беруді жөн көріп бізде қайттық қуанып.
Сіздің балаңыздың рухани бай болғаны, ата салтын құрметтеп, ана тілін ардақтағаны – сіз үшін де, біз үшін де бақыт. Ал, шын мәнінде, егеменді елдің бақыты!

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА