Home Білім жарысы Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

0

Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды.

Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды.

«Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Қатысушылардың айтуынша, осындай олимпиадалар өз жобаларын өзге елге таныстырып, сонымен қатар шетел тілдерін үйрену үшін жақсы мүмкіндік береді.

«Мен еліміздің тарихы туралы жобаны көрсеттім. Осылайша, басқа елдерді біздің тарихымызбен, мәдениетімізбен таныстырамыз», – деді олимпиада қатысушыларының бірі.

Жарыс қорытындысы бойынша  елордалық балалар 3 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version