12.07.2024

Көлікке мас күйлеріңізде отырмаңыздаршы!

Бірде сауда жасамаққа жергілікті дүкендерді аралап келе жатып сатушының 5-6 жасар кішкентай баламен сөйлесіп тұрғанын көрдім.
Сатушы оған:
— Ренжімеші, бірақ сенің ақшаң қуыршаққа жетпейді екен, — деп жатты.

Сонда әлгі бала маған бұрылды да:
— Аға, сіз де менің ақшам мына қуыршаққа жетпейді деп ойлайсыз ба? — деді. Мен ақшасын санадым да, қайтарып бердім:
— Балапан, бұл қуыршақты алуға ақшаң аздау екен.
Бала қуыршақты қолында ұстап тұр. Орнына қойғысы келмейді. Мен кезекке тұрып, сатушымен есеп айырыстым. Сосын жаңағы баланың жанына келіп бұл қуыршақты кімге алғысы келгенін білмек болдым.
— Бұл қуыршақты менің қарындасым қатты ұнататын еді. Бұрын оны сатып алғысы келетін. Мен қуыршақты оның туған күніне алып берейін деген едім! Мен қуыршақты анама берем. Ал, ол қарындасыма кететін кезде оған берер еді…
Мұны айтқан кезде баланың жанары мұңға толды.
— Менің қарындасымды Құдай алып кетті. Әкем солай дейді. Мамам да жақында Құдайға кетеді дейді. Егер мамам да қарындасым барған жерге барса, бәлкім оған осы қуыршақты ала кетер деп ойладым.
Жүрегім тоқтап қалғандай болды. Бала менен көзін алмастан:
— Мен әкеме серуендеп келгенше мамам кетпей тұра тұрсын дедім, — сосын ол қойнынан өзінің күліп тұрған суретін шығарды, — мен суретімді де мамама беріп жіберем, қарындасым ол жақта мені ұмытып қалмасын. Мен мамамды жақсы көрем. Оның кеткенін қаламаймын. Бірақ әкем қарындасың жалғызырайды, анаң кетуі керек деді.
Сосын ол мұңды жанарын қуыршаққа бұрды… Мен жалма жан әмиянымды алдымда, балаға былай дедім:
— Бәлкім, қуыршаққа жинаған ақшаңды тағы бір санап көрерміз, жетіп қалатын шығар мүмкін?
— Мен де ақшам қуыршаққа жетуі керек деп ойлаймын!
Балаға байқатпай оның бір уыс ақшасына өзімдікін араластырып жібердім. Сөйтіп екеуміз қайтадан санай бастадық. Қуыршаққа жететін ақша шықты, тіпті сәл артылып қалды.
— Маған қуыршаққа жететін ақша бергені үшін Құдайға тәубе. Кеше ұйықтайтын кезде мен Құдайдан анамнан қарындасыма беріп жіберу үшін қуыршақ әперетін ақша жіберуін сұраған едім. Ол мені естіпті! Мамама да ақ раушан гүлін әпергім келген. Бірақ мен оны Құдайдан сұрамаған едім. Дегенмен, ол маған қуыршаққа да, гүлге де жететін ақша беріпті. Менің мамам ақ раушан гүлін жақсы көреді!
Дүкен аралауды екі түрлі бір сұмдық күйде аяқтадым. Ойымнан әлгі бала шықпады. Кейіннен есіме түсірдім. Жергілікті газеттің бірінде ішіп алған жүргізуші жас әйел мен бүлдіршін қызды қағып кеткені туралы ақпар жүр еді. Бүлдіршін сол жерде қаза болған. Ал, әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Отбасы оны тірі етіп ұстап отырған құрылғыны өшіру туралы бір шешімге келуі қажет-ті. Сонда бұлар әлгі қарындасына қуыршақ әпергісі келген баланың отбасы болды ғой?! Екі күннен кейін газеттерде әйелдің қайтыс болғаны туралы хабар жүрді… Көз жасымды тыя алмадым… Ақ раушан гүлін алып, бейіт басына бардым… Табытта жап-жас келіншек жатыр. Бір шетінде қуыршақ пен сурет, екінші шетінде ақ раушан гүлі. Жылаған күйі бұрылып кетіп қалдым.
Енді өмірім мүлде өзгеретінін түсіндім… Мен бұл балақайдың анасы мен қарындасына деген сүйіспеншілігін ешқашан ұмыта алмаспын!

Естияр адамдар! Ешқашан көлікке мас күйлеріңізде отырмаңыздаршы! Тек өзіңіздің ғана өміріңізді емес, өзгенікін де күйретіп кететіндеріңізді естен шығармаңыздар!

Канат Ережеповтың фб парақшасынан алынды…

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА