Home Үздік Оқушы Астананың үздік оқушысы анықталды

Астананың үздік оқушысы анықталды

2

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында “Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы” зияткерлік байқауы өтті. Шараны ұйымдастырушы – Астана қаласы Білім басқармасының “Астана дарыны” ӨҒПО, – деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Биыл байқау тақырыбы Қаныш Сәтпаев, Евней Бөкетов, Әлімхан Ермеков сынды Қазақстанның белгілі ғалымдарына, халқымыздың патриоттарына, қазақ, орыс және әлемдік мәдениет білгірлеріне арналды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 10-шы сынып оқушылары қатысты.

Үш кезеңнен тұрған ақтық сынға 16 адам өтті. Олар жалпы эрудиция бойынша сұрақтарға жауап беріп, “Қазақстан ғалымдары: Қ. Сәтпаев, Е.Бөкетов, Ә. Ермеков” викторинасына қатысты, сондай-ақ берілген тақырыптарға мәтін дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша көшбасшылар арасында № 60 лицейдің оқушысы Айсұлу Асылбекова жеңімпаз атанды. 

– Меніңше бұл байқау өзіңнің көшбасшылық қасиеттеріңді көрсетуге, білім алуға зор мүмкіндік береді, бұл байқау патриотизм сезімін дамытуға септігін тигізеді, ал бұл өте маңызды. Маған көмектесіп, кеңестерін берген барлық мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін, – дейді А. Асылбекова.

Бірінші орын № 40 мектеп оқушысы Еманғалиева Камилаға бұйырса, № 52 орта мектеп оқушысы Базархан Дамир мен № 64 мектеп-лицей оқушысы Әбілбекова Адал 2-орын алды. № 62 мектеп-лицейдің оқушысы Тұрсұнқанова Әнел, № 66 мектеп-лицейдің оқушысы Құрамысова Ақниет және № 38 мектеп-лицейдің оқушысы Досболов Диасжан 3-орынды иеленді.

Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

2 COMMENTS

  1. Өте мұқтаж тақырып екен, кең көлемде еңбектері әлі танымал емес біртуарлар есіміне сәйкестендірілген тақыры үшін байқауды ұйымдастырушыларға мың алғыс.

  2. Өте тамаша тақырып екен. Әсіресе, өскелең ұрпақ арасында кең танымал бола қоймаған біртуар ағаларымыздың еңбектерін тақырып өзегіне айналдырғаны үшін байқауды ұйымдастырушыларға мың алғыс.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version