07.07.2024

А.Сәрінжіпов. Жоғары сыныптардың оқу бағдарламалары ағылшын тілінде болады.

18-21 қараша айында zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке қойылған сұрақтардың бір парасын жабымен ықшамадап беруді жөн көрдік:

ҚР білім және ғылым минситрі оқырман сұрақтарына бүй дейді:

Оқырман: Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мектептерде сенбі күнгі сабақтар шынымен алып тасталады ма?

Министр: Бүгінде 6 күндік оқытуды алып тастау мәселесі тұрған жоқ. Қандай да бір өзгертулер тек жергілікті органдардың шешімімен ғана енгізілуі мүмкін.

Оқырман: мен ата-анамын, қазір мектепте 11 сынып оқушылары апта сайын алдын ала тестілеуден өтіп тұрады, ол тестілеудің құны әр балаға 360 теңге, бұл ата-аналардың қалтасына салмақ салуда, мектептің осы ісі қаншалық заңды?

Министр: Алдын ала сынақтар ҰБТ-ға қарсаңында дайындықты шыңдау дәне аталған пәндер бойынша бала білімін анықтау үшін қажет. Түлектер аталған сынаққа өз еркімен қатысады. Мектеп әкімшілігі оларды күштеуге немесе әдістемелік құралдарды сатып алуға мәжбүрлеуге құқылы емес. 2016 жылдың қаңтарынан бастап, ҰБТ тестілерінің базасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық сынақ орталығының сайттарында жарияланады.

Оқырман: Мектептегі қазақ тілі мен ағылшын тілінің оқытылу сапасы туралы не айтасыз?

Министр: Кембридж әдістемесі бойынша, жалпы білім беру мектептерінің 1-11 сыныптарына арналған қазақ тілін оқытудың деңгейлік білім беру бағдарламалары жасақталды. Биыл жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар кешені сынақтан өтуде. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап, елдегі мектептерде қазақ тілін деңгейлік оқыту енгізіледі. Ағылшын тілі британ баспасынан шыққан оқулықтармен оқытылуда. Ағылшын тілінің аптасына тек екі сағат қана өткізілуінен білім сапасы төмен қалып отыр.

Оқырман: ҰБТ – ға байланысты қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Министр: Министрлікте ҰБТ-ның форматын өзгерту бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Сіздер көтеріп жатқан барлық ескертпелер назарға алынуда. Аталмыш мәселелерді шешу жолында және псиxологиялық, әлеуметтік ауыртпалықты бәсеңдету үшін ҰБТ-ны бірнеше рет қайтара тапсыру мүмкіндігін қарастырудамыз. Жалпы барлық ҰБТ-дағы барлық жаңа үдерістер қоғам пікірінің негізінде жасақталады.

Оқырман: Қазақстанда жоғары сыныптардың оқу бағдарламалары ағылшын тілінде болама?

Министр: Мемлекет басшысы Қазақстанда жоғары сыныптардың және ЖОО-лардың оқу бағдарламалары ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңмен көшіруді тапсырды. Басты мақсат – дайындап жатқан мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру. Оған қоса, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мембағдарламасы біздің алдымызға жоғары білімнің құрылымы мен мазмұнын Болон процесінің параметрлеріне сәйкестендіру арқылы жоғары білім берудің еуропалық аумағымен ықпалдастыру бойынша мақсаттарды қойып отыр. 

Оқырман: 12 жылдыққа көшудің жағыдайы туралы не айтасыз?

Министр: Қазақстанда 12 жылдық оқыту жүйесі бірінші сыныптарға 2017-2018 жылдары енгізіледі. 12 жылдық білім беруге толықтай 2020-2021 оқу жылдарында енгізу жоспарланған. 12 жылдық мектептің оқушылары жаңа пәндерді оқиды, үш тілде еркін сөйлеп, кең ауқымды білімге ие болады. Бұл өз кезегінде оқушыларға өз білімін өмірде қолдануға, өмірдің кез келген жағдайларында бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді. Осыған байланысты отандық және шетелдік тәжірибелердің негізінде 12 жылдық білім беруге жаңа оқулықтар шығарылады.

Ескерту: сұрақтар мен жауаптар орысшадан қазақшаға аударылып қысқартылып берілді.

Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА