22.07.2024

ҰСТАЗДЫ ҚҰРМЕТТЕТУДІ БИЛІКТЕГІЛЕРДЕН БАСТАУ ҚАЖЕТ

Баласы жоғары мектеп табалдырығын аттаса, ат шаптырып, той жасап, думандататын халықпыз. «Маман атанады, ұшпаққа ұшырады»-, деп жанын қуаныш кернеп,  баласы үшін барын беріп бақыттың бауырында жүретін қазақпыз. Қайтпек керек, ауылдан аса алмайтын қара домалағы  қаланың қақ ортасынан қалауының қаспағын қармап, жоғары мектеп шәкірті атанып жатса, қуансын, қуанбаған да ше…

Менің бір танысым бар еді, өзі саудагер. «Үйімде табақтай қызыл дипломымы бар»,- деп мақтанатын да жүретін.  Нақтысына нану үшін әдейілеп көруге бардым. Шын екен, ҚазҰПУ-дың білдей  бір физика-математикалық факультетінің түлегі екен. Түсінгенім, түйгенім- грантпен оқыған, өзі әжептеуір жақсы бағамен бағаланған, жақсы түлектердің бірі. “Осындай дипломмен неге саудамен айналысып жүрсің?”-деп едім, сұрағыма қырын қарап:”мұғалімнің бір айлық алатын 50 мыңы- менің бір күндік табысымның құны ғой. 50 мыңның соңынан 1 ай салпақтағанша, саудагер болып тапқан қаражатым қауқарлы емес пе?” дейді кейіп.

Мен мектеп қабырғасында жүргенде математикадан  сабақ беретін бір егделеу мұғалім бар еді. Сол кісі бір сабақ арасында:”осы мұғалімдер ана дүниеге барғанда,-дейтін(иегімен көтеріп,нұсқап) -қыл көпірден ұшып өтіп кетеді дейді қиналмай. Біздің Қазақстан мұғалімдеріне қыл көпір түгіл, тозақ  рахат болып сезілетін шығар, тәйірі,»-деп.   Сонда ойлаушы едім, үлкен кісі әйтеуір ананы – мынаны үгіттей береді екен-ау деп,  қазір ойласам, жетпейтін жетесіз қаражаты үшін күйінгені екен ғой.  

Биліктің биігінде отырып халық қамын ойлар әкім де, базарда арба тартқан қара да  “А” деген әріптен басталатан білімді алдымен анасынан, онан соң мектеп табалдырығын аттап, сауатын ашып, санасына жеткізген мұғалімнен сіңіріеді. Биліктегі ақ жейделілер сауатын ашып, сабақ алып жұмсақ креслоға отыруына себеп болған салиқалы жанның жағдайымен бір сәт санасып қойса болар еді-ау…

Гүлден ӘБДІБАҚЫТ

“Қамшы.кз

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА