Home Ұлт діңі Ботакөз Елшібек. Мәңгілік ел

Ботакөз Елшібек. Мәңгілік ел

0

Мәңгілік ел. Ол не? Бұл ұғым не үшін пайда болды? Қазіргі XXI ғасырдың оқушысы бұл сөздерді қалай түсінеді? Оны білу мен үшін маңызды ма? Осы сұрақтар мені көптен бері алаңдатып жүрді. Өйткені, бар болғаны екі «Мәңгілік ел» деген сөздер менің өмірімде жиі кездесе бастады. Соңғы кездері мектепте, үйде, газеттерде, теледидарда, кітаптарда, ғаламтор парақшаларында – барлық жерде бұл ұғым қолданылып жүр.

Алғашында мен мәңгілік ел деген ұғымға көп көңіл аудармайтынмын. Кейде теледидардан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздерінен байқайтынмын. Шынымды айтсам, қанша қайталанса да, көп жерлерде кездессе де мағынасын толық сеніммен айта алмайтынмын. Ал қазір мен бұл бар болғаны екі сөз болса да мағынасы терең екенін түсіндім. Осы ұғымның толық мағынасын ашу үшін мен ұзақ та, қызықты зерртеу жүргізген болатынмын. Мен тарих кітабынан, түрлі әдебиеттерден, ғаламтордан және достарымнан, мұғалімдерімнен «Мәңгілік ел» туралы мәліметтер жинадым. Негізінде менің кішігірім «зерттеуім» өте жақсы өтті, өз сұрақтарыма жауап бердім. Содан алған мәліметтерді синтездеп, бір қорытындыға келуге шештім. Сонымен мәңгілік ел ол – нұсқаулық, яғни қазақ елінің нұсқаулығы. Бұл нұсқаулық кез – келген жаңа сатып алған заттың нұсқаулығы сияқты тура жолға көрсетеді, апарады. Егер де біз сол нұсқаулықтың барлық тармақтарын орындасақ, қалаған нәтижемізді аламыз. Бұл жай ғана теңеу болатын. Ал шындап келгенде «Мәңгілік ел» бұрынға заманның жиынтығы және болашақты көрсететін жол. Ал бұл «Мәңгілік ел» идеясын ойлап тапқан сонау заманның ойшылы Тоныкөк бабамыз екен. Ол туралы мәлімет тасқа қашалған Күлтегінде бар екен. Ал оны практикада қолданған бір де бір адам ол – біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан біздің Елбасымыздың осындай бастамасына мың да бір алғыс айтуымыз керек. Жақында Елбасымыздың теледидардан сөйлеген сөзін байқап қалдым: «Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел». Осы арқылы Елбасымыз мәңгілік ел қазақ елінің болашағымен байланыстыратынын байқамыз.
Қорытындылай келе, мәңгілік ел идеясы мен үшін және Қазақстан азаматының әрқайсысына білу маңызды. Сонымен, мәңгілік ел менің түсінігімде – ол қазақ елінің ұлттық идеясы. Ал сол мәңгілік елді баянды ету біздің қолымызда. Егер де бізде мақсат болса, оны орндауға да күш болады деген сөз. Сондықтан, құрметті менің достарым, мәңгілік елдің жолында тек қана алға жүріп, қазақ елімізді дамытып, әлемде тыныштық пен бейбітшілік орнатайық! Қазақ елінің тарихын бірге жазайық!

Ботакөз Елшібек. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Халықаралық бағытындағы мектебінің 9- шы сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version