04.07.2024

Математика-жаратылыстану бағытындағы республикалық пән олимпиадасы мәреге жетті.

Бүгін Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден республикалық оқушылар олимпиадасының жабылу рәсімі өтті. Бес күнге созылған бұл бұл шара рсепубликамыздағы дарынды балаларды саралайтын, оқушыларды болашақ ғылымға жетелейтін маңызды іс шара болып табылады.
Салтанатты рәсімде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің атап өткеніндей, республикалық білім сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен білімпаз өрендерді табыстарымен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

20150318194330Еліміздің жетекші ЖОО-ларының білікті ғалымдарынан құралған, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаев төрағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша жүлдегер атанған оқушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен, медалдармен және нотбук, телефон, плешка секілді бағылы силықтармен марапатталды.
БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев белгілеген арнайы бес жүлде де табыс етілді. Атап айтқанда, павлодарлық Мұхамед-Әли Әмір олимпиаданың абсолютті чемпионы атанса, Алматы қаласы – «Олимпиададағы ең үздік команда», О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты – «Олимпиаданың үздік мектебі», Батыс Қазақстан облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушысы Санжар Латипов – «Олимпиаданың ең жас қатысушысы», Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы мамандандырылған физика мектеп-интернатының мұғалімі Сатыбалды Пақымбеков, Павлодар облысындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Құлкен Қабылова «Олимпиада шыңына жетелеуші ұстаздар» аталымын еншіледі.
Пән олимпиадалары елімізде жылда әр обылыстың орталығында өткізіледі, өткен жылы бұл бағыттағы олимпиада Өскемен қаласында өткен еді.
20150318184535Математика жаратылыстану бағытында Республикалық пән олимпиадасында математика, физика, химия, биология, информатика, география қатарлы пәндерден 9-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Бүгін Орал қаласына 14 облыс, Астана және Алматы қалаларының командаларының ретингісі шығарылып медалдар үлестірлді.. Бұл олимпиадаға жалпы 700 ден астам бұдан бұрынғы аудандық, обылыстық олимпиадаларда оза шапқан Республикамыздағы ең дарынды деген оқушылары қатысқан болатын.
Ал, қоғамдық гуманитарлық бағыттағы Республикалық пән олимпиадасы 24-29 наурыз аралығында Атырау қаласында өтеді. Пән олимпиадаларын ұйымдастыру жергілікті білім басқармасы мен Республикалық «Дарын» ғылыми практикалық орталығы жауапты болды. Барлық қатсушыларға сертификат, жүлделі орындарға диплом, медалдармен бірге нотбук, телефон, плешка секілді силықтар берілді.
Барша жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! Қазақ елінің болашақ мамандарына сәт сапар тілейміз! Сонымен бірге, еліміздің болашақ ғалымдарына бағыт беретін бұл іс шараның спорттық немесе басқада республикалық бәсекелерден маңызы бір кем емес екенін еске саламыз!
Айта кетейік, олимпиада жүлдегерлеріне жоғары оқу орнына түсер кезде жеңілдіктер жасалады.

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА