22.07.2024

Құрбанәлі Аманкелдіұлы. Елдік

(Қазақ хандығына арнау)

Қынабынан қан тамған замандардан,
Кемелденіп тарихта тарамдалған.
Жәнібек пен Керейдің баспалдағы,
Қайсар ұлтқа оймақтай қадам болған.

Қатпар-қатпар қойнына жасырған мән,
Жүзін әжім жаулаған ғасырлардан.
Аман алып аманат ету үшін,
Замананың жолында басым қалған.

Қаһарлы шақ азуын сан батырған,
Сәттерінде сескенбей таңды атырған.
Ырысының уыста кетпеуі үшін,
Қылышының ұшына қан қатырған.

Жалын кешіп,от жұтқан арлан бабам,
Еңселі елдің елдігін армандаған.
Құлагердің тас езген дүбірінің,
Куәгері меңіреу марғау далам.

156Дәуірлерден дамылсыз сорды ақтарған,
Мызғымайтын тым биік төрді ап қалған.
Ғасырлардың айрандай тыныштығын,
Асылдардың қанымен қорғап қалған.

Тозбасын деп тоз-тоз боп топырағым,
Тағдырдың тартқан зар мен запыранын.
Қаратаудың басынан көшті ұзатып,
Қыршынынан қиылған жапырағы.

“Елім-айлап” егіліп,азып кеткен,
Өр қайратын намысқа қазықта еткен.
Қасиетті даламның әр тасына,
Қасіретін бабамның жазып кеткен.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

1996 жылы 15 сәуірде Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Мойынқұм ауданы,Ұланбел ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА