Home Ұлт діңі Хозыұлы Фархат. Мәңгі ел – Қазақстан

Хозыұлы Фархат. Мәңгі ел – Қазақстан

0

«Қазақстан» деген ұлы елім бар,
Қазба байлық, сарқылмайтын кеңім бар.
Сұрасаңдар айтайын мен мақтанып,
«Атамекен» атты ұлан байтақ жерім бар

Отаным жылдан- жылға өркендеуде,
Астанамыз көркейген өсер елге.
Ақ түйенің қарыны бүгін жарылып,
Еліміз жетті бүгін «Мәңгі елге».

Өркендеудің сатысын көріп жүрміз,
Елбасымен мәңгі біздің жүрегіміз.
Елімізді, жерімізді қорғайтұғын,
Біз Отанның арқа сүйер тірегіміз!

Ұланымын қанатымды еркін қаққан,
Керекудің құшағынан бақыт тапқан.
Өңірімнен талай мықты ұлы туған,
Дараласам Акедемик Қаныш Сатбаев шыққан.

Өркендей бер «Мәңгі ел – Қазақстан»,
Бір ұланың өзіңе арнап жыр арнаған.
Өркендей бер «Мәңгі ел – Қазақстан»,
Көк жалауың желбіресін ешқашан құламастан!

Хозыұлы Фархат
2000 жылы маусымның бесінші жұлдызы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Қазір Павлодар қаласындағы №17 орта мектептің 8 сынып оқушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version