Home Редакция таңдауы ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

0

Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалақысы биыл көтерілмейтін болды. Енді ол келесі жылдың еншісіне қалдырылды. Бұл туралы Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді, – деп хабарлайды ұлт.кз.

«Бұған дейін айтылған әлеуметтік бастамалар, соның ішінде азаматтық қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлеріне жалақы деңгейін арттыру, мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны арттыру 2016 жылға ауыстырылады. Бұл мәселе бізде шілде айында жоспарланған болатын, енді 2016 жылға шегерілетін болып отыр. Яғни, бұнда ешқандай да бас тарту деген болмайды, тек мерзімі шегеріледі» дейді Гүлжан Қарағұсова.
Естеріңізде болса жыл басында үкімет министрлік, әкімдік қызметкерлері мен ұстаздар, дәрігерлердің жалақысы биыл 1-ші шілдеде 30 пайыз өседі деп уәде еткен.
Бірақ бюджеттің 610 миллиард теңгесін үнемдеу мақсатында жалақы мәселесі келесі жылға қалыпты. Сонымен қатар, биыл жаңадан салынатын кейбір нысандардың құрылысы да кейінге шегеріледі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version