Home Ахметтің 40 мысалы Ахмет Байтұрсынұлы. Қаптесер мен көртышқан

Ахмет Байтұрсынұлы. Қаптесер мен көртышқан

0

Қаптесер келіп айтты Көртышқанға:
«Бір хабар шашылып тұр жер-жаһанға.
Күн туып біздерге де көз ашқандай,
Жем бопты Мысық залым Арыстанға.
Тыныштық бермеуші еді, Құдай ұрған,
Жазасын тартпасын ба ол дұшпан да?!».

Көртышқан айтты деңіз сонда не деп:
«Бұл хабар, рас болса, жақсы ғой бек.
Дүниеде болмастай бір оқиға екен,
Қуанба, Қаптесерім, сен босқа тек.

Бекер деп, менің бұған нанбайтыным,
Мысықты ешкім жеңіп алмайтұғын. ‘
Тырнасса оныменен, шексіз білем,
Арыстан аман, тірі қалмайтынын».

Бұл сөзді біреу ұқпай, біреу ұқты,
Айтайын, не мағына мұнан шықты:
Қорыққанда бір адамнан, жаман ойлар,
Дүниеде ешкім жоқ деп сонан мықты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version