16.07.2024

Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындауға арналған шеберлік курсы өтеді.

4-5 ақпан күндері Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығарту арқылы оқушылардың ғылыми ойлау өресін дамытып, логикалық ойлау өресін жетілдіру» – атты қала мектептерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік курсы өтеді.

Шеберлік курстың негізгі мақсаты Астана қаласының ұстаздар қосынын нығайту, дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындауда жүйелі, сапалы дайындық жүргізудің негізгі іс-тәжірибесімен бөлісу.
EyzE_EerfkwШеберлік сағатты Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі, халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеуші Аятжан Ахметжан.

Аятжан Ахметжан жас болса да, соңғы үш жылда химия пәнінен қырықтан астам аудандық, жиырмадан астам қалалық, төрт республикалық, бір халықаралық олимиада жеңімпазын тәрбиелеген Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі.
Шеберлік курсқа қатысам дейтін барлық химия пәні мұғалімдеріне есік ашық.
Шеберлік курстың өтетін орны: Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі. Сарыарқа көшесі, 20.

Уақыты: 2015 жылы 4-5 ақпан.
Байланыс телефоны: Аятжан Ахметжан (8702 – 931 8008)

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА