10.10.2024

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтар тағайындалды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы үздіктер туралы жарлықтың толық мазмұны төмендегідей:

Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы

Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
5) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 21 қаңтар

№ 993

«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен
техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлықтары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына
ТҮСІНІКТЕМЕ

Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2013 жылғы 22 мамырда өткен пленарлық отырысында айтылған әл-Фараби атындағы жаңа мемлекеттік сыйлықты тағайындау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі.
Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына:
техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;
экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;
мүлдем жаңа өнім мен технологияларды жасау және оларды экономиканың әртүрлі салаларына енгізу бойынша экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық қызметтің танылған нәтижелері;
басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды өндіріске енгізу бойынша инновациялық қызметтің нақтылы нәтижелері үшін беріледі.
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға қосқан ерекше бағалы үлес деп танылған, әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия қарайды. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Президент Әкімшілігінің
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА