11.10.2024

356 елордалық оқытушы 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында Қазақстанда оқытушылардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бойынша арнайы курстар ұйымдастырылып, жаңа технологиялар үйретіледі, – деп хабарлайды Астана қаласының әкімдіінің ресми сайты.

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, биыл 356 оқытушы жаңа жүйедегі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бірнеше кезеңнен тұратын жаңа жүйеге сәйкес, оқытушылардың еңбекақысына әр деңгейде үстемеақы төленеді. Бірінші деңгей үшін тиісті еңбекақыға 100%, екіншіге – 70%, ал үшінші деңгейге – 30% үстемеақы қосылады.

Білім басқармасының мәліметінше, бірінші деңгей бойынша 58, екінші деңгей бойынша 34, үшінші деңгей бойынша 245 оқытушының біліктілігін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің 19 жетекшісі де арнайы курстан өтеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Астана қаласында 438 оқытушы біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА