Home Үздік Оқушы Қазақстандық оқушылар Сочиде өткен халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар Сочиде өткен халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

0

Әлемнің 47 мемлекетінен жиылған жас өнертапқыштардың арасында еліміздің намысын әр аймақтан іріктелген 27 талапкер қорғаған болатын. Олардың қатарында Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Талғат Бек пен Ратмир Сартбаев та болды, деп хабарлады 24.kz теларнасы.

Жетісулық қос шәкірттің инновациялық жобасы – гироскоп роботы мамандардың назарына ілініп, қола медальдың иегері атанды. Гироскоп ғарыштық станцияларда қолданылатын айналмалы құрал. Ол адамның көмегінсіз жұмыс істей алмайды. Ал біздің жобамыздың мақсаты – оны адамсыз-ақ жұмыс істей алатын жағдайға жеткізу. Әрекетіміз жемісті болды, – дейді жаңалық авторлары.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version