11.10.2024

Ақтөбелік оқушылар әкімнің үйінде оқып жүр

Ақтөбе облысында балалар әкімнің ескі үйі мен ауыл клубында оқуға мәжбүр. Дәріс өтті деген аты болмаса, бір тоқсан бойы жөнді сабақ та болмаған. Себебі уақытша деп берілген ғимараттардың шұрық тесік төбесінен жаңбыр жауса су сорғалайды. Оқушылардың бұлай сандалуына тұрғындар шенеуніктердің салғырттығын кіналауда. Бірақ мұны жергілікті атқамінерлер мойындар емес.
Ырғыз ауданына қарасты Құрылыс ауылындағы мектеп қыркүйекте оқушыларды қабылдағанмен қазір мұнда сабақ оқуға ешкім келмейді. Өйткені жөндеу жұмыстары қызып жатыр. Ал балалар ойнайтын аулада бұзаулар жайылып жүр. Шенеуніктер жаз бойы тендер жарияламай, жақында ғана мектепке жөндеу жұмыстарын істеу керектігі естеріне түсіпті.
Құрылыс ауылы балаларының жартысы қазір мына мәдениет үйінде оқып жатыр.Оқушылардың сабақта болғанынан, демалған күндері көп. Себебі жаңбыр жауса шұрық тесік төбеден су сорғалап, бөлмелерді алып кетеді. Қазір ылғалдан қабырғалары түсіп, едені көтеріліп кеткен.

Толқын Табиқызы, оқушы:
-Жаңбыр кезінде болмайды. Таратып жіберді. Кең кластар салқын болады көбінесе. Кішкентай балалар тоңамыз. Салқын.

Бұл мектепте тек екі-ақ сыныптың ғана сабағы үзілмейді. Бірі ұлттық біріңғай сынаққа әзірленіп жатса, екіншілері әріпті жаңа үйренуде.
Бұрын бұл үйде ауыл әкімі тұрған. Мектепте жөндеу жұмыстары басталғалы бері оқушылар оқитын орын табылмағандықтан ол баспанасын босатып беріпті. Енді мұнда 11-сынып оқушылары мен меткпеке даярлық тобының бүлдіршіндері сабақ оқуда.
Ауданның басшылары да балалардың қандай жағдайда сабақ оқып жатқандығынан хабардар. Тек олар жөндеуге қазынадан ақша бөлінгендігіне шүкіршілік етіп отыр. Сондықтан оқушылардың шыдамдылығын шыңдағысы келеді.

Мейірхан Дуанбеков, Ырғыз ауданының әкімі:
– Енді қай жаққа барып оқытасың қазір енді? Басқа жерге оқытатын жер жоқ қой. Енді бір тоқсан қысылады. Бірақ біз осылай болатындығын білдік қой. Анау мектеп жөндеуден өту керек.

Ауыл тұрғындары жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады. Себебі жанталасқан құрылысшылар сапасына мән бермейтін көрінеді. Тіпті, қырық жыл бойы жаңартылмаған жылу құбырларын ауыстырмай сол қалпы қалдырған.

Спартак Ысқақов, Құрылыс ауылының тұрғыны:
-Бала үшін алаңдаймыз бәріміз де. Ертең қиындық болады. Жаман айтпай жақсы жоқ құдай жар болсын қате шығуы мүмкін. Бұрынғы көне батареядан. Ол алмасқан жоқ. Бұрынғыматериалды салған.

Құрылыстағы бұл мектептің күрделі жөндеуіне бюджеттен 87 миллион теңге бөлінген. Енді мердігер компания оны екінші тоқсанның басына дейін бітіріп беруі тиіс.

baq.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА