30.10.2024

А.Сәрінжіпов. Білім сапасы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты.

Бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен Педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің алғашқы отырысында Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді, – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.
– Негізінен осы күндері біз педагогикалық білім беруге, педагогикалық ЖОО-ына мұқият қарауымыз қажет. Кімді және қалай даярлаймыз, бұл орта білім беруді жаңарту және қамту бойынша жоспарлармен қалай келісіледі? Бүгінгі таңда бірнеше бастаманы іске қостық. Біліктілікті арттыру бойынша үлкен бағдарлама бар. Жалпы, бұл мәселеде педагогтарды даярлау негізгі рөлді атқарады, себебі білім сапасы мұғалімдердің білім деңгейіне тікелей байланысты болады, – деді Аслан Бекенұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Кеңес отырысына педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңес құрамының мүшелері мен Кембридж университетінің халықаралық сарапшылары, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» белді мамандары мен И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты. Ал басқосуда педагог даярлаудың проблемалары мен перспективалары, білім беру реформасы, жалпы білімберетін мектептерді педагог кадрлармен қамтамасыз ету, шетелдік әріптестердің қатысуымен Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жоғары білім беруде дайындық бағдарламаларының мәселелері жан-жақты талқыланды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА