30.10.2024

Мұнайдар Балмолда. ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ

Ұстаз ауырып ауруханаға түсіп қалады. Студент шәкірті оған бірнеше қайтара барады. Алайда ішке кірудің, ұстазымен жүздесіп, көңілін сұрап шығудың ретін таппай қиналады. Себебі, шәкірттің оны-мұны алуға қаражаты болмайды әрі профессорға кез-келген адамды кіргізбейді. Дәрігерлер оған: “Профессор қатты науқас. Оның уақыты санаулы. Мазасын алма, сенсіз де келушілер көп, беретін тамағың болса, бізге бер, жоқ екен, бос әңгімемен науқасты шаршатпа” деп. Сөйтіп шәкірт күнде аурухананың алдынан қайтады. Ол естиді. Профессордың жағдайы өте нашарлапты. Бүгін-ертеңдер… Бірақ арада тағы бірнеше күн өткенде профессордың тәуір болғанын, тіпті ас ішіп, өздігімен жүріп-тұратынын біледі. Көп кешікпей ұстазы ауруханадан шығады. Шәкіртін көреді.
– Айналайыным, мен аурып жатқанда сен күнде келіп тұрдың ғой…
– Оны қайдан білесіз?.. Мені ішке жібермеді…
– Бәрін білемін. Бірде терезеден көзім шалып қалды… Көзім жетіңкіремесе де әлдебір түйсік маған әсер етті. “Бұл неғылған жан?..”деген сауал көкейімде қалып қойды. Содан түс көрдім, түсімде сені көрдім. “Сізге қарай жол жоқ ұстазым, өзіңіз бермен қарай өтпейсіз бе?” деп қолыңды созып мені шақырып тұр екенсің. Соның ертеңіне сені дәрігерлерге іздетіп едім, олар сені таппай қойды. Бірақ сол түннен кейін менің ем-домым бойыма жағып, аз күнде басымды көтердім, тіпті отаны жеңіл еңсердім, дәрігерлер қауіпті ештеңе жоқ, күтіну керек” деп кеше шығарып салды.

Мұнайдар Балмолданың фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА