30.10.2024

САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ – ЗЕРДЕЛІДЕ

Ел мен елді, халық пен халықты, ұлт пен ұлтты теңестіретін нәрсе – білім деген еді ұлы Мұхатр Әуезов. Иә, ғылым бәсекесі басты орынға шыққан ХХІ ғасырда әркім өз әлінше білім теңізіне шүңгіп, тұнығынан шөл қандырғысы келері хақ.

Сол шөлді қандырар мектептерден тыс бүгінде қосымша білім беру орталықтар көптеп ашылуда. Бұл сұраныстың артуынан туындағаны хақ. Сондай қосымша білім беру орталықтарының біразына бас сұқтық. Әрқайсының оқу жоспарымен таныстық, бағдарын бағамдадық. Ұстаздар қосынының қарым-қабілетіне үңілдік.
Жақсының жақсылыған айт нұры тасысын, – демей ме атам қазақ. Портал жұмысын бастағалы біраз ата-аналар жақсы орталықтар болса айтсаңдар, балама қосымша мұғалім керек еді деп хабарласып жатады. Сол ата-аналарға бізге ұнаған орталықты таныстыра кетуді жөн көрдік.
Сондай жұрттың талабын қанағаттандыра алатын орталықтардың бірі жақында ғана жұмысын бастаған «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы екен.
«Зерделі» орталығы басты ерекшелігі мұғалімдер сапасының біліктілігі екен. Онда үш ғылым докторы, оннан астам ғылым магистрлары жұмыс атқарады екен. Тек Астана қаласының жоғары санатты таңдаулы мұғалімдерінен қалыптасқан үздік қосын екен.
Екеінші ерекшелігі, ұстаздар ұзақ жыл олимпиадалар мен ҰБТ – да жинақтаған тәжірибелерінен пайдаланып, көптеген қазақ тілді оқу құралдарын дайындапты.
Үшінші ерекшелігі, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының алдағы жоспары тек бизнес жоспар емес, қайта болашақ іргелі оқу орнына айналу бағдары нық, болашағы зор екені ұстанған бағыты мен жасаған жоспарнан айқындалып тұр.
mmexport1411964903827[1]Орталықтың директоры Астана қаласы дарынды балаларға раналған «Зерде» мектебінің жоғары санатты математика мұғалімі, математика ғылымдарының магистірі, олимпиадаларға арналған материалдардың авторы Мәуіт Ырысбек орталық туралы қысқаша ойын былай білдірді:
– Мен бұл бағытта жұмыс істеуіме түрткі болған екі себеп: бірі қосымша сабақ беретін жақсы мұғалім іздеген ата-аналардың өтініші және сапалы білім бере алатын ұжым қалыптастыру; екінші, қазақ тілді қосымша материалдардың кемшілігінің орнын толықтырсам деген арманым. Осы екі мақсатты орындау үшін Астанадағы белді мұғалімдерді топтастырып, бір жағынан шакірт тәрбиелеп, бір жағынан елдің ертеңі ұрпағына азық боларлық материал қорын даярлау. Қосымша білім беру орталықарының көбеюі – еліміздің білім саласының сапасын арттыруға тигізер пайдасы мол. Өйткені, біздің мектептерде бәсекеге қабілетті болуы керек.
Болашақ бағытына ақ жол тілеп, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығуларына ниеттестік білдіріп, бастаған істерінің Алла қайырын берсін деп қоштастық.

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы туралы қосымша ақпарат:

“Зерделі” ақыл-ой дамыту орталығы
Бағыты: математика – жаратылыстану пәндері бойынша қосымша білім беру. Қазақ тілді қосымша материалдар дайындау
1. Математика, химия, физика, биология, география пәндерінен олимпиадалық дайындық
2. Ұлттық бірыңғай тестке дайындық
3. «Алтын белгі” үміткерлерін дайындау
4. “НЗМ”, ”КТЛ”, ”Зерде” мектептеріне бағдарлы дайындық
5. Күнделікті сабаққа дайындық
6. ҰБТ, олимпиадаларға арналған арнайы материалдар
7. Шахмат, логикалық ойын түріндегі арнайы сабақтар
Байланыс телефондары:           8 778 698 92 05
                                                        8 702 612 02 75
                                                        8 7172 48 25 25
Электрондық адрес: zerdeli@gmail.com
Қосымша ақпарат zerdeli.kz сайтында

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 40 үй, “Инфинити-1” тұрғын  үй кешенінде

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Рахмет。урпак тарбиесы жолында,изденуден канатын талмасын.жумысын бактты куннын кепилы болсын.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА