22.07.2024

Түлектер арасында ең танымал мамандықтар белгілі болды

загруженное (42)ҚР Білім және ғылым министрлігі түлектер арасында ең танымал мамандықтардың тізімін жариялады.

«Техникалық мамандықтарға деген сұраныс жыл санап артуда. Мәселен, «Биотехнология» мамандығына бөлінген 1 грантқа 6 адамнан, «геодезия», «картографияға» – 4 адамнан таласуда. «Радиотехника», «Электроника және телекоммуникация», «Ақпараттық жүйелер», «Басқаруды автоматтандыру», «Көліктік құрылыс», «Электроэнергетика» мамандықтарына да көп түлек қызығушылық танытып келеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтар сұраныс артып келеді.

Мысалы, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Агрономия», «Топырақтану», «Агрохимия», «Орман шаруашылығы», «Аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы» сынды мамандықтар жақсы конкурсқа ие», – деді Жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім беру, халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Жасұлан Шәймерденов ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссияның отырысында.

Жасұлан Шәймерденовтің айтуынша, медициналық мамандықтар түлектер арасында әлі күнге сұранысқа ие. Бір грантқа шамамен 2-9 адамнан келеді. Сондай-ақ, экономикалық және заңгер мамандықтары да үлкен сұраныста.

Сонымен қатар, сұранысы төмен мамандықтар тізімі де жарияланды. Олар: «Мұражай ісі», «Ескерткіштерді қорғау», «Шетел филологиясы», «Француз тілі», «Мәдениеттану», «Ағаш жону технологиялары», «Физика», «Астрономия», «Геология», «Пайдалы қазбаларды барлау», «Кітапхана ісі», «Ветеринария» мамандықтарына түлектер арасында сұраныс аз.

kazbilim.kz

kaztv.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА