30.10.2024

Қазақстанда бiлiм гранттарын тағайындау басталды

білім және ғылым министрлігіАстанада ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады.

Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсы және жоғары оқу орындарының ректорлары енгiзiлген. Комиссия отырысында Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады.

Жалпы 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның iшiнде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлiмдерiне, 31 635 грант 1-курсқа түсетiндер үшiн.

Колледждердi бiтiргендердi қолдау мақсатында қысқартылған оқу түрiне 2 875 грант қарастырылды.

«Бiлiм грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысуда. Қатысушылар арасында 1 732 «Алтын белгi» иегерлерi, 322 Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң түлектерi, 179 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары, 921 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстардың жеңiмпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңiмпаздары қатысады. Олар бiлiм грантын тағайындау барысында басым құқықтарға ие», – дейдi ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев.

Барлық берiлген құжаттар белгiленген тәртiппен қарастырылатын болады. Конкурстық iрiктеудiң процедурасы толықтай автоматтандырылған. Оның қорытындысы БАҚ беттерiнде жарияланады.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

inform.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА