11.10.2024

Елімізде білім сайысының дүбірлі додасы өтуде

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатына Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Физика пәні (IPhO) бойынша Халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс және ҚР БҒМ Ақпараттық технологиялар, мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева қатысты.
– Жалпы, Физика пәнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасына (IPHO-2014) қатысушы елдер қатарында үздік команда ретінде бой көрсету Жапон елінің жастары үшін дәстүрге айнала бастағандай. Бұл қатарға соңғы жылдары көрші қытайлық оқушылар да қосыла бастады. Ал енді Қазақстанның топтық көрсеткішіне келер болсақ, біз бұл ретте қатысушы 85 елдің ішінде алғашқы жиырмалықтан бой көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз. Әрине, осы бағыттағы көрсеткіштерімізді одан сайын жоғарылатып, жүлделі орындарға қол жеткізу үшін ұстаздарымыз бен шәкіртерімізді баптай түсетін боламыз, – деді Аслан Бәкенұлы.
imagesАстанадағы Назарбаев университетінде 13-21 шілде аралығында өтіп жатқан физика пәнінен 45-ші Халықаралық олимпиадаға қатысушы елдердің саны бойынша рекорд жаңарды. Айтулы шараға әлемнің 85 елінен 700 оқушы қатысуда. Бұл аталған шараның тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Алдағы жылдарда қатысушы елдер қатарының артатындығына бек сенімдімін, – деді Аслан Бәкенұлы.
Сонымен қатар, министр өз сөзінде Олимпиаданың мақсат-міндетіне де тоқталып өтті.
– Мұндағы көздегеніміз – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, ғылыми білімді насихаттау болып табылады, – деді ол.
– «Бұл олимпиада ғаламдық білім сайысы болып табылады. Сонымен қатар, осындай шаралар арқылы біз бүгінгі балаларымыздың бойында білімге деген құштарлықты оятатын боламыз. Нәтижесінде, физика ғылымындағы болашақ ғалымдар легінің қалыптасуына септігін тигізеді деген сенімдемін. Өйткені, балалардың бүгінгі таныс-білістігі уақыт өте келе олардың қоян-қолтық бірлесе жұмыс істеп, тың жаңашылдықтар ойлап табуына зор мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Демек, физика ғылымы халықты ұлтқа, жерді шекараға бөлмейтіні белгілі, Қазақстанның оқушылары халықаралық аренада өз елдерінің намысын сәтті қорғап келеді. Ғылыми жарыстардың бірінде қазақстандық оқушылар 25 медальдің 24-ін олжалап, ел мерейін өсіргені әлі есімізде. Мәселен, халықаралық физика олимпиадасында 2009 жылы қазақ оқушылары 2 алтын иеленді, 2011 жылы 3 алтынға қол жеткізді. Бұл өте тамаша көрсеткіш. Егер менің еліммен салыстыратын болсақ, Голландияда алтын иелену жөнінде мүлдем ойламаймыз, ол арман болып есептеледі. Қола алсақ, соның өзі қуаныш», – дейді Ханс Йорданс.– деді Физика пәні (IPhO) бойынша Халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық деңгейдегі білім сайысында біздің еліміздің намысын бес бірдей ұланымыз қорғауда. Олар: Бірәлин Әмір – Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын медаль, физикадан Азия олимпиадасының күміс медаль, физика пәнінен Халықаралық олимпиадасының күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері; Иса Данат – Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері; Нұрбек Дінмұхаммед – Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль және физика пәнінен Халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері; Тұрсынбек Нұрислам – «Туймаада» Халықаралық олимпиадасының қола медаль, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль, физикадан Азия олимпиадасының грамотасы және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері; Құрмантаев Дәулет – Юниорлар арасындағы Халықаралық жаратылыстану ғылымдары олимпиадасының және Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль, және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері.
Бұдан тыс баспа сөз мәслихатында министр еліміздің ғылымының дауы тұрғысында:
– Бүгінгі таңда біздің елімізде Ғылымға қатысты арнайы Заң қалыпты жұмыс істейді. Соның аясында елдің ғылымы мен ғалымдар жан-жақты қолдау көріп келеді. Оның ішінде үш бағыт бойынша қаржыландыру үдерісі белсенді өркендеуде. Алғашқысы – базалық қолдау. Ғылыми мекемелердің ғалымдарына қажетті шығындарды өтеуге арналған. Одан кейінгісі өнертапқыштардың ой-қабілетінен туындаған жобаларды конкурстық негізде іріктеп, қолданысқа енгізуді қаржыландыру арқылы және соңғысы мақсатты бағдарламалық қаржыландыру. Яғни, мұнда әбден ой сүзгісінен өткізіліп, талдап, таразыланған ұзақ мерзімді басым мақсат-жобаларды қаржыландыру арналары қазіргі күні қалыпты жағдайда қызмет етіп келеді.
Осылайша мемлекеттік қажеттілік үшін біздер жыл сайынғы ғылым-білімді қолдауға бөлінетін қаражат көлемін де ұлғайтып жатырмыз. Өткен жылдың өзінде осындай ниетпен 50 млрд теңгеден астам қаржы өз кезегінде қажеттілікке жұмсалған. Ағымдағы жылда бұл сан арта түсетіндігіне сенімдімін. Бір атап өтерлігі, бұл жүйенің жемісі қазіргі қоғамда ептеп көрініс беріп жетыр, – деді министр Аслан Бәкенұлы.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА